Балалардың дамуына арналған әлеуметтік жобалар
Балалардың қабілетін жан-жақты ашуға мүмкіндік беретін тұрақты орта қалыптастыру – заманауи технологиялар мен әлеуметтік бастамаларды ұштастыру арқылы жүзеге асады.

Фиджитал-футбол
Фиджитал - дәстүрлі футбол мен киберспортты бір жүйеге біріктіреді. Қатысушылар өздерін әрі футбол алаңында, әрі цифрлық кеңістікте сынап, командалық өзара әрекеттесу, тәртіп және өз-өзіне сенімділік дағдыларын дамытады.
Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) серіктестерімен бірлесіп ұйымдастырушылық және әлеуметтік қолдау көрсетеді. Оның аясында әлеуметтік іс-шаралар, білім беру және инклюзивті бастамалар өткізіліп, балалардың жан-жақты дамуына жағдай жасалады. Бұл жұмыстар тек фиджиталмен шектелмей, инклюзивті футболды да кешенді қолдауды қамтиды

Жоба Қарағанды облысының білім басқармасы, Қарағанды облысының әкімдігі, UEL Team, Қарағанды қаласының киберспорт федерациясы және QJ League қолдауымен жүзеге асырылады.

Жобаның мақсаты - Балаларды спорттық және цифрлық ортаға тұрақты түрде тарту, командалық қабілеттерін жетілдіру, тәртіпке баулу және өзіне деген сенімділігін арттыру.
Негізгі басымдық – бір реттік көмек көрсету емес, керісінше балаларға тұрақты қолдау мен тәлімгерлік беретін, оларды ортақ команда мүшесі ретінде сезіндіретін жүйелі орта қалыптастыру.
Жобаның өзегі – білім беру мекемелері арасында өтетін EA FC 26 ойыны бойынша киберфутбол лигасын дамыту.
Лига аясында:
- кәсіби жаттықтырушылардың жетекшілігімен апта сайынғы жаттығулар;
- тұрақты чемпионат;
- көктемгі плей-офф кезеңі және фестиваль форматындағы финал қарастырылған.

Жылдық бағдарлама:
- Қыс мезгілі – киберлиганы іске қосу, тұрақты ойын сессиялары мен жаттығулар, фестивальдік іс-шаралар;
- Көктем мезгілі – финалдық кезең, жеңімпаздарды анықтау және футболдық іс-шараларға сапарлар;
- Жаз мезгілі – ашық алаңдардағы жаттығулар және “Шахтёр” футбол клубының ойындарына бару;
- Күз мезгілі – футбол фестивалі және шақырылған амбассадорлардың қатысуымен жаттығулар.

Жобаның алғашқы кезеңі Phygital Kids Fest фестивалі түрінде ұйымдастырылып, арнайы мектептер мен интернаттардан 64 баланы біріктірді. 2025 жылғы 13 желтоқсанда өткен іс-шарада дене жаттығулары мен цифрлық белсенділіктер қатар ұйымдастырылды. Балалар алдымен алаңда тапсырмалар орындап, кейін киберспорт аймағында EA FC 26 бойынша шағын турнирге қатысты.

Жаңа жыл қарсаңында шамамен 70 қатысушыны қамтыған мерекелік шара өтті. Оның аясында білім беру ұйымдарына ойын жабдықтары табысталды:
- №6 арнайы мектеп-интернаты
- №4 арнайы мектеп-интернаты
- Ерекше білім беру қажеттілігі бар балаларды қолдау орталығы
- «Таңшолпан» арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығы
- «Әсем» арнайы әлеуметтік қызметтерді қажет ететін балаларды қолдау орталығы
Әр мекемеге төрт басқару тетігі бар Sony PlayStation 5 ойын құрылғылары беріліп, олар балалардың EA FC 26 бойынша тұрақты жаттығуларына пайдаланылады.

Сонымен қатар жоба дарынды ойыншыларды анықтап, олардың киберспортта кәсіби деңгейде өсуіне мүмкіндік жасауға бағытталған.
Инклюзивті футбол
Қарағанды облысында инклюзивті футбол жүйелі түрде дамып келеді. Бұл бағыт барлық балаға спортпен айналысуға тең мүмкіндік беруді көздейді.
Оның жарқын үлгілерінің бірі – тірек-қимыл аппараты бұзылған спортшыларды біріктіретін «НОДА» командасы. Команда өңір намысын түрлі жарыстарда абыроймен қорғап жүр.

“НОДА” матчтар мен турнирлерге, спорттық іс-шараларға белсенді қатысып, инклюзивті футболды насихаттауға және тең мүмкіндіктер мәдениетін қалыптастыруға үлес қосуда. Жарыстар спортшылардың шеберлігін арттырып, командалық бірлікті нығайтып, қоғаммен байланысын кеңейтеді.
Команданы қолдау Қарағанды облыстың футбол ассоциациясының әлеуметтік қызметі аясында жүзеге асырылады және инклюзивті футбол қозғалысын дамытуға бағытталған. Алдағы уақытта да жаттығу мен жарысқа қатысуға қолайлы жағдай жасалып, қолдау жалғасады. Бұл бастамалар теңдік, өзара құрмет және командалық бірлік құндылықтарын нығайтуға қызмет етеді.