ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Мектеп футболы

ALGA! жобасы аясындағы алғашқы жолдастық ойындар

Мектеп футболын дамыту мақсатында 8 мектеп қатысты

ALGA! жобасы аясындағы алғашқы жолдастық ойындар

21 ақпанда ALGA! жобасына қатысушы мектептер арасында жолдастық ойындар өтті. Іс-шараға 8 мектеп пен 3–4 сыныптардың 80 оқушысы қатысты. Барлығы 12 матч өткізілді. Ойындар командалардың барлығына тең ойын уақыты берілген форматта ұйымдастырылды.

DSC02022

Кездесулер ұйымдасқан тәртіпте өтті. Оқушылар жүйелі сабақтар барысында қалыптасқан дағдыларын көрсетті. Кейбір қатысушылар үшін бұл мектеп деңгейіндегі алғашқы футбол ойындары болды.

DSC02232

ALGA! жобасы аясында аптасына бір рет UEFA стандарттарына сәйкес әзірленген әдістемелік материалдар негізінде футбол сабағы өткізіледі. Көктем мезгілінде Freedom Holding Corp. қолдауымен жобаға қатысушы мектептер арасында ресми турнир өткізу жоспарланған.

Басқа жаңалықтар