ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Мектеп футболы

Қарағандыда оқушылар арасында алғашқы ALGA! футбол турнирі өтті

Жарыс Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған ALGA! жобасына қатысушы мектептердің 3–4 сынып оқушыларынан құралған 8 команда қатысты.

Қарағандыда оқушылар арасында алғашқы ALGA! футбол турнирі өтті

Турнирдің ашылу салтанатында Қарағанды облыстық білім басқармасының өкілдері мен мектеп директоры Жанагул Тусжанова сөз сөйлеп, балалар спортының маңызын атап өтті. Сонымен қатар, ALGA! жобасының өңірдегі бұқаралық спортты дамытуға қосып отырған үлесіне тоқталды.

QOFA әлеуметтік жобалар бөлімінің басшысы Данияр Кәрібаевтың айтуынша, жарысқа дайындық ерте басталған.

DAS 90

Бұл турнирге шамамен 3 ай бойы дайындалдық. ALGA! жобасы биыл қолға алынды. Осы оқу жылы ішінде балалар футболды дене шынықтыру сабақтарының аясында тұрақты ойнап жүрді. Бүгін сол еңбектің нәтижесін көріп отырмыз. Бұған дейін командалар арасында 12 жолдастық кездесу өткізілді.

Турнир топтық және плей-офф жүйесінде өтті. Әр команда 5 ойыншымен сынға түсті. Ережеге сәйкес құрамда кемінде бір қыз баланың болуы міндеттелді. Бұл – балалар спортына барынша көп оқушыны тартуға және қыздар футболын дамытуға бағытталған қадам. 

DAS 290

Жарыс барысында қатысушылар үшін арнайы интерактивті аймақтар ұйымдастырылды. Оқушылар фотозонада естелік суретке түсіп, үстел футболы мен теннис ойындарына қатысып, түрлі футбол челлендждерінде бақ сынады. Сонымен қатар серіктестер тарапынан қатысушыларға арнайы түскі ас ұсынылып, балалардың жарыстан тыс уақытын қызықты әрі белсенді өткізуіне жағдай жасалды. Сонымен қатар, жас футболшылардың ойынын тамашалауға “Шахтёр” футбол клубының скауттары арнайы келді. 

DAS 368

Айта кету керек, Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінің жарыс өткізу орны ретінде таңдалуы кездейсоқ емес. Биыл Алаш қозғалысының қайраткері, тұңғыш қазақ математик-профессор Әлімхан Әбеуұлының 135 жылдығы. Сонымен қатар үшінші тоқсанда осы оқу орны ALGA! жобасы аясында үздік нәтиже көрсеткені үшін мектептің спорт залына косметикалық жөндеу жұмыстары жүргізілген болатын.  

DAS 603

Турнирге алыстан келіп, балаларына жанкүйер болған ата-аналар да шараның жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын атап өтті. Абай қаласынан келген ата-ана Дамеля Копбаеваның айтуынша, мұндай жобалар балалардың бос уақытын тиімді өткізуіне үлкен мүмкіндік береді.

Балам бүгін қақпашы болып ойнап жүр. Футболды өте жақсы көреді. Осындай күндері сабаққа ерекше қуанып барады. Қазіргі балалардың көбі смартфонға телміріп отырады ғой. Сондықтан олардың спортпен айналысып, өз қызығушылығы болғанын қалаймын. Бүгін демалыс күні арнайы келіп, балама жанкүйер болып отырмын. Турнир өте жақсы ұйымдастырылған.

DAS 933

Жартылай финал алғашқы кездесуінде №19 мектеп-гимназиясы БТКЛ құрамасымен алаңға шығып, қарсылас қақпасына екі гол соғып, 2:0 есебімен сенімді жеңіске жетті. Екінші жартылай финалда Үштөбе тірек мектебі мен №14 мектеп-гимназиясы өзара мықтыны анықтады. Негізгі уақыт 2:2 есебімен тең аяқталып, ойын тағдыры пенальти сериясында шешілді. Шешуші сәтте Үштөбе құрамасы дәлдік танытып, 3:2 есебімен финал жолдамасын иеленді. Ал финалда №19 мектеп пен Үштөбе тірек мектебі кездесіп, 3:1 есебімен №19 оқушылары «Alimkhan Yermekov cup» турнирінің жеңімпазы атанды. 

DAS 1105

ALGA! турнирінің жеңімпаздарына маусым айында елордада өтетін «Балдаурен республикалық турниріне жолдама табыс етілді. Қатысушылардың жол шығындарын толықтай QOFA мен жобаның демеушісі Freedom қаржыландырады. Сонымен қатар, олар жобаны спорттық құрал-жабдықтармен қамтамасыз етіп, инфрақұрылымдық және әлеуметтік бастамаларды жүзеге асыруға қолдау көрсетіп келеді. Қазір жоба Қарағанды, Теміртау, Саран, Абай қалалары мен Үштөбе ауылындағы 10 мектепті қамтиды. Жалпы 1900-ден астам бала мен 61 мұғалім қатысуда. Жаңа оқу жылында жоба аясын кеңейтіп, мектеп санын 40-қа дейін жеткізуді жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар