ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Әлеуметтік жобалар

BASTA! — жастарға жол ашатын тағылымдама

Қарағанды облыстық футбол ассоциациясында (QOFA) жас буынға мүмкіндік беретін жаңа жоба қолға алынды.

BASTA! — жастарға жол ашатын тағылымдама

BASTA! студенттік тағылымдама бағдарламасы — спорттық менеджментте өзін сынап көргісі келетіндерге арналған нақты қадам.

Freedom Holding Corp. қолдауымен жүзеге асатын бұл бастама студенттерге тек теориямен шектелмей, шынайы жұмыс ортасында тәжірибе жинауға жол ашады. Қатысушылар спорт менеджменті, іс-шара ұйымдастыру, медиа, маркетинг және әкімшілік бағыттар бойынша өз қабілетін шыңдай алады.

IMG 4605

Бағдарлама 2026 жылы пилоттық форматта іске қосылып, Қарағанды облысынан 35 жасты қамтиды. Іріктелген қатысушылар алғашқы қадамдарын волонтер ретінде бастап, біртіндеп ассоциация жұмысының ішкі үдерістеріне араласады. Олар футбол жобаларын ұйымдастыруға қатысып, тәжірибе жинай келе жауаптырақ міндеттерге көшеді. Ең бастысы — әр қатысушы өз идеясын ұсынып, оны жүзеге асыру мүмкіндігіне ие болады.

IMG 4610

Тағылымдаманы сәтті аяқтаған жастарға ұсыным хаттар табысталады. Ал ерекше белсенділік танытқандар серіктес ұйымдардың назарына ілігіп, кәсіби жолын жалғастыруға мүмкіндік алады.

Қазіргі таңда өтінім беру ашық. Қатысқысы келетіндер @qofakz Instagram парақшасына direct арқылы хабарласып немесе social@qofa.kz поштасына түйіндеме мен мотивациялық хат жолдай алады. Бұл — өзіңді танытып, өзгеден оза шығуға берілген мүмкіндік. BASTA! — арман мен әрекетті тоғыстыратын алаң. 

Басқа жаңалықтар