ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Төрешілер мектебі

Қарағандыда балалар жаттықтырушыларына арналған BFL бағдарламасының алғашқы модулі өтті

Бағдарламаның басты мақсаты – балалар бапкерлерінің кәсіби деңгейін көтеріп, жас футболшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.

Қарағандыда балалар жаттықтырушыларына арналған BFL бағдарламасының алғашқы модулі өтті

Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы және Freedom QJ League спорттық-талдау блогының мамандарымен өткен оқу бағдарламасы теориялық және практикалық бөлімдерден тұрды. Қатысушылар балалар психологиясы, қозғалыс координациясы және жаттығу процесін жоспарлау бойынша білім алды.

DSC06868

Модуль барысында сабақтарды Freedom QJ League спорттық-талдау блогының сарапшы-аналитигі Жанна Мальгаждарова жүргізді. Ол қазіргі футболда жаттықтырушы тек ойын үйретуші маман ғана емес, балалармен дұрыс қарым-қатынас орната алатын педагог болуы қажет екенін атап өтті.

DSC06795

Бүгінде балалар футболы дамып келеді, соған сай жаттықтырушыларға қойылатын талап та күшейді. Қазіргі бапкер футболды ғана емес, педагогиканы да түсінуі керек. Баланы ынталандырып, жаттығуды қызықты әрі қауіпсіз өткізе білу маңызды. Жаттықтырушы әр жастағы балалармен жұмыс істеудің ерекшелігін түсініп, жүктемені дұрыс жоспарлай алуы қажет.

Жаннаның айтуынша, балалар бапкерлері жиі жіберетін қателіктердің қатарында барлық жас санатына бірдей тәсіл қолдану, жаттығу мақсатының нақты болмауы және тапсырмаларды балалар деңгейіне бейімдей алмау бар. Сонымен қатар сарапшы мұндай оқыту бағдарламалары аймақтағы балалар футболының дамуына тікелей әсер ететінін жеткізді.

Жаттықтырушы неғұрлым сапалы жұмыс істесе, балалардың дамуы да соғұрлым жақсы болады. Бұл олардың футболға деген қызығушылығын арттырып, жалпы дайындық жүйесінің күшеюіне ықпал етеді. Футбол бір орында тұрмайды. Сондықтан бапкерлердің тұрақты түрде білімін жетілдіруі өте маңызды.

Жанна Мальгаждарова, Freedom QJ League спорттық-талдау блогының сарапшы-аналитигі

DSC06908 (1)

3 жылдан бері Аманат футбол клубында жаттықтырушы болып еңбек етіп жүрген  Елдос Шарафинов бұл модульдің өздері үшін маңызды тәжірибе болғанын айтты.

Әрине, тренер жұмысында түрлі қиындықтар мен сұрақтар жиі кездеседі. Бүгінгі курсымыздың басты мақсаты да – бізді мазалайтын осындай мәселелердің шешімін табуға көмектесу. Өз басым көптеген сұрақтарға жауап тапқандай болдым. Мұндай курстар енді бастап жатқан тренерлер үшін аса қажет.

DSC06893

QOFA ұйымы Freedom QJ League лигасының қолдауымен Қарағанды облысының жаттықтырушыларына арналған осындай білім беру семинарларын жыл бойы тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Басқа жаңалықтар