Қарағандыда FREEDOM FUTSAL BFL AWARDS қорытынды марапаттау кеші өтті
Шара барысында маусым бойы жоғары нәтиже көрсеткен командалар, үздік ойыншылар мен арнайы номинация иегерлері марапатталды.

Freedom Futsal BFL бүгінде Қарағанды облысындағы балалар және жасөспірімдер футзалының дамуына бағытталған ірі жобалардың біріне айналды. Биылғы қысқы маусымда U-13, U-15, U-17 және U-19 жас санаттары бойынша 23 команда бақ сынады.
Сонымен қатар салтанатты кеш барысында Freedom BFL фестивалінің жеңімпаздары мен жүлдегерлері де марапатталды. 2010-2011, 2012-2013, 2014-2015 және 2016-2017 жас санаттарын қамтыған фестивальге жалпы саны 32 команда қатысты. Осылайша бір кеш аясында екі ірі жобаның қорытындысы шығарылып, жас спортшылардың жетістіктері ұлықталды.


Турнир қорытындысы бойынша:
Турнир қорытындысы бойынша:
U-13 санатында — БЖСМ Бұқар-Жырау;
U-15 санатында — «Тұлпар»;
U-17 санатында — «Жастар»;
U-19 санатында — «Теміртау» командалары чемпион атанды.
Freedom BFL фестивалінің жеңімпаздары:
2017 жас санаты — «Шахтер»;
2016 жас санаты — Maykuduk Jas Batyr;
2014-2015 жас санаты — Scaut;
2012-2013 жас санаты — Scaut 2013 A;
2010-2011 жас санаты — Scaut-2.

Кешке жиналған жас спортшылар үшін бұл жай ғана марапаттау рәсімі емес, маусым бойғы еңбектің өтеуі болды. Қатысушылардың бірі, жас футзалшы Ильяс Қабдраш өз әсерімен бөлісті.
Турнир өте жоғары деңгейде өтті. Әсіресе финалдық ойындар ерекше әсер сыйлады. Біз бұл жарыста 1-орын иелендік. Команда болып бар күшімізді салдық. Осындай жетістікке жетуімізге ата-аналарымыз бен жаттықтырушыларымыздың қолдауы көп көмектесті. Командамыз өте ұйымшыл, қиын сәттерде бір-бірімізді әрдайым қолдап жүреміз. Мен командада оң қорғаушы әрі капитанмын. Осындай керемет маусым мен марапаттау кеші үшін рақмет!
Ильяс Қабдраш, Scaut 2015A командасының ойыншысы.


Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылып, арнайы концерттік бағдарламамен жалғасты. Қонақтарға «Асыл Мұра» орталығы мен «Балдәурен» ансамблінің орындауындағы «Секіртпе» күйі ұсынылса, OYU DANCE ұжымы би қойылымдарын сахналады.


Салтанатты кешке QOFA ұйымының бас хатшысы Талғат Қаржаубаев, Қазақстан футзалының медиа өкілі Николай Пенгрин және «Шахтер» футбол клубының ардагері Аскар Абильдаев,”Қарағанды” футзал клубының жаттықтырушысы Павел Таку қатысты.
Freedom BFL жобасының жетекшісі Изат Мусилимов турнирдің басты мақсаты балаларға сапалы бәсекелестік орта қалыптастыру екенін айтты.
Freedom BFL бүгінде жай ғана турнир емес, жас спортшылардың дамуына мүмкіндік беретін үлкен алаңға айналды. Биылғы маусымда командалардың деңгейі айтарлықтай өсті. Балалардың ойынға деген жауапкершілігі, тәртібі мен ынтасы қуантады. Осындай жобалар арқылы біз балалар спортының дамуына үлес қосып, болашақ спортшылардың қалыптасуына жағдай жасағымыз келеді.

Марапаттау барысында маусымның үздік ойыншылары, қақпашылары, қорғаушылары, шабуылшылары мен сұрмергендері анықталды. Сонымен қатар «Қайсар мінезі үшін» және «Үздік гол» аталымдары бойынша арнайы марапаттар берілді.Ал барлық жүлдегерлерге серіктестеріміз life_football спорттық жабдықтар дүкені мен Биосфера дәріханалар желісі атынан арнайы сыйлықтар табысталды.
Шара соңында қатысушылар арасында QOFA атынан арнайы сыйлықтар ойнатылып, маусымның ең жарқын сәттері көрсетілді.
Басқа жаңалықтар
Қарағанды облысы кубогы 2026: «Дорожник» пенальти сериясында жеңіске жетіп, чемпион атанды
Биылғы додаға облыстың әр өңірінен 14 команда қатысып, Теміртау, Абай, Саран, Бұқар жырау, Осакаровка, Шет және Қарағанды қалаларының ұжымдары өзара мықтыны анықтады.

О.В. Миляевты еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды
Саранда өткен республикалық турнирге 2013 жылы туған жасөспірімдерден құралған 12 команда қатысты.

Қарағанды облысы Кубогының U-16 жасөспірімдер арасындағы финалы аяқталды
Абай мен Теміртаудың «СДЮСШОР-2» командасы 2003 жылғы Чемпиондар лигасының финалын еске салған тартысты ойын көрсетті.

Қарағандыда Freedom Balalar Football League қысқы маусымын қорытындылады
Мыңдаған баланы біріктірген, бәсекелі ойындар мен ерекше эмоцияларға толы маусым ауқымды мерекемен аяқталды.
