Қазақстан Республикасының Конституциясы күнімен құттықтаймыз!
Еліміздің Негізгі Заңы – тәуелсіз Қазақстанның іргетасы, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кепілі, бірлік пен әділдіктің символы.

Конституция мемлекетіміздің даму бағытын айқындап, демократиялық құндылықтарды нығайтады және Отанымыздың өркендеуі үшін берік тірек болып табылады.
Конституциялық қағидаттарға адалдық, заңға құрмет пен азаматтық ынтымақ – бірлігіміздің және мемлекетке деген сеніміміздің мызғымас негізі. Баршаңызға зор денсаулық, бейбіт өмірмен жақсылық тілейміз.
Әр шаңырақта береке орнап, еліміз өркендей берсін!
Конституциямыздың мерейтойы құтты болсын!
QOFA ұжымы
Басқа жаңалықтар
QOFA мен QJ League жобасы халықаралық MVP Awards сыйлығында жоғары бағаланды
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) мен Freedom QJ League бірлесіп өткізген әлеуметтік жоба халықаралық MVP Awards спорт сыйлығында жүлделі орынды иеленді.

«Адамға үйретуге болмайтын жалғыз нәрсе – ниет пен құлшыныс»
QJ League мен «Шахтер» футбол клубының медиа және маркетинг бөлімінің жетекшісі Антон Лысяк Қазақстанның спорт индустриясын өзгертетін жаңа буын мамандар туралы ой бөлісті.

QOFA ұжымы Наурыз мерекесін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов Ассоциация мүшелерінің мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлағанын атап өтті.

Қарағандылық «Шахтёр» клубының ойыншысы KPL гранд-финалының чемпионы атанды
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы Қазақстан тарихындағы жаңа цифрлық спорт кезеңінің куәсі болды. Мұнда еліміздегі тұңғыш ресми ұлттық киберфутбол лигасы — eKPL алғашқы маусымының гранд-финалы өтті.
