Игорь Шацкий оқушыға айналды!
№19 мектепте өзін-өзі басқару күні қалай өтті?

Қарағанды қаласындағы №19 жалпы білім беретін мектеп мұғалімдер күнін ерекше атап өтті – 4-сынып оқушылары мен дене шынықтыру пәні мұғалімдері бір күнге орындарымен алмасты.

Балалар бұған дейінгі сабақтардан жинаған тәжірибелерін қолданып, бапкер рөлін атқарса, ұстаздар шәкірттердің нұсқауларын ықыласпен орындады. Ашық сабақтың арнайы қонағы Қазақстан құрамасының қақпашысы Игорь Шацкий болды.

«Мен үшін бұл өте бақытты сәт. Өзімді мектеп кезіме оралғандай сезіндім. Оқушыларға алғыс айтамын, бізге футбол сабағын өткізіп, қуаныш пен көтеріңкі көңіл сыйлады. QOFA – Қарағандының болашағын қалыптастырып жатыр, ал ALGA! жобасы соның айқын бейнесі»
Игорь Шацкий, Қазақстан құрамасының қақпашысы
Айта кетейік, №19 мектеп – QOFA іске қосқан мектептік ALGA! жобасының алғашқы он қатысушысының бірі. Жоба аясында бастауыш сынып оқушыларына футбол сабағы жүргізілсе, жоғары сынып оқушылары арнайы секцияларға қатысады.

Сонымен қатар, оқу орындары жаңа спорттық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, мұғалімдер арнайы оқытудан өтті. 2029 жылға дейін QOFA Қарағанды облысындағы 100-ден астам мектеп пен балабақшаны қамтып, 40 000-нан астам баланы футболға тартуды көздеп отыр.
Басқа жаңалықтар
FREEDOM – NAURYZ CUP 2026: Қарағандыда жас футболшылар додасы өтті
Қарағанды қаласында 20–22 наурыз аралығында өткен “FREEDOM – NAURYZ CUP 2026” шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті.

ALGA! жобасы аясындағы алғашқы жолдастық ойындар
Мектеп футболын дамыту мақсатында 8 мектеп қатысты

ALGA! / Phygital Kids Fest
Футбол, цифрлық технологиялар, отбасылық қатысу және инклюзивті балалар спортына бағытталған іс-шара бір форматта біріктірілді.

Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді
QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы мектептерге Freedom Football Manager платформасын таныстырды
