Қарағандыда Әлімхан Ермеков атындағы мектепте ата-аналарға арналған футбол квизі өтті.
Іс-шара ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылып, бұқаралық футболды дамыту мен ата-аналарды аймақтық футбол қозғалысына тартуға бағытталды.

Әлімхан Ермеков атындағы мектепте өткен футбол квизі оқушылардың ата-аналарын біріктірді. Бұл бастама Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы жүзеге асырып жатқан ALGA! жобасының бір бөлігі болып табылады. Жобаның басты мақсаты — футболды насихаттау және мектептер мен ата-аналар арасындағы тығыз байланысты нығайту.

Квиз барысында ата-аналар жоба туралы толығырақ ақпарат алып, әр команда өздерінің футбол туралы білімдерін, сүйікті командалар мен танымал ойыншылар жайлы бақ сынасып көрді.
Квизге төрт команда қатысты: «Ермеков», «Керемет-1», «Керемет-2» және «Alga». Сайыс үш кезеңнен тұрды. Бірінші тур — «Мен қандай футболшымын?» — қатысушыларға жылдам бірігіп, ойын рухына енуге мүмкіндік берді. Екінші турда өткен жылдардағы футбол тақырыбында логикалық сұрақтар қойылды. Ал финалдық кезеңде командаларға танымал клубтардың формаларында бейнеленген демеушілерді табу қажет болды.

Жарыс қорытындысы бойынша «Ермеков» командасы 6 ұпай жинап, жеңімпаз атанды.Қорытынды нәтижелер:
1. «Ермеков» — 6 ұпай
2. «Керемет-1» — 5 ұпай
3. «Керемет-2» — 4 ұпай
4. «Alga» — 4 ұпай

Жеңімпаз командаға Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы тарапынан естелік сыйлықтар табыс етілді.

Айта кетейік, бұл оқу жылы — ALGA! бағдарламасының пилоттық кезеңі. 2029 жылға дейін QOFA жобасы Қарағанды облысындағы 100-ден астам мектеп пен балабақшаны қамтып, 40 000-нан астам баланы футболға тартуды жоспарлап отыр.
Басқа жаңалықтар
ALGA! жобасының оқушылары республикалық футбол турниріне қатысты
Қарағанды қаласындағы №19 мектептің оқушылары 1–5 маусым аралығында Астанада өткен «Балдаурен» республикалық футбол турниріне қатысты.

XXV қалалық «Жаңа буын» футбол турнирі өз мәресіне жетті
Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жарысқа өңірдің 21 мектебінен 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер командалары қатысты.

Қарағандыда оқушылар арасында алғашқы ALGA! футбол турнирі өтті
Жарыс Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған ALGA! жобасына қатысушы мектептердің 3–4 сынып оқушыларынан құралған 8 команда қатысты.

Қарағандыда жаңа арт-нысанның авторлары марапатталды
ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылған мурал эскиздерінің ашық байқауы өз мәресіне жетті.
