ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Мектеп футболы

ALGA! / Phygital Kids Fest

Футбол, цифрлық технологиялар, отбасылық қатысу және инклюзивті балалар спортына бағытталған іс-шара бір форматта біріктірілді.

ALGA! / Phygital Kids Fest

ALGA! / Phygital Kids Fest футболды бүкіл отбасыға ортақ белсенділік ретінде қарастыратын форматта өтті. Фестиваль бағдарламасы дене жаттығулары, киберфутбол және шығармашылық тапсырмаларды қамтыды.

IMG 8182

Фестиваль Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) мен Freedom QJ League, «Шахтёр» футбол клубы және UEL Team ұйымдарының бірлесуімен, және облыс әкімдігінің қолдауымен өтті. Бұл формат өңірде отбасылық футболды фиджитал-элементтермен ұштастырған алғашқы жобалардың бірі болды.

IMG 8252

Іс-шара басталар алдында қатысушыларға өңірдің мемлекеттік және білім беру ұйымдарының өкілдері, сондай-ақ Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының өкілдері құттықтау сөз сөйледі. Сөз барысында фиджитал-форматтарды енгізу мен инклюзивті бағытты дамыту балалар спортының қолжетімділігін арттыратыны айтылды.

IMG 8239

«Бүгін барлық қатысушыларға жарқын әрі есте қаларлық әсер тілейміз. Фестиваль сәтті өтіп, жылы әрі достық атмосферада ұйымдастырылады деп сенеміз, ал балалар мен ата-аналар тек жағымды эмоция алады. Мұндай іс-шаралар бұқаралық әрі қолжетімді балалар спортын дамытуға және белсенді өмір салтына деген қызығушылықты арттыруға ықпал етеді»

Талғат Қаржаубаев, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының бас хатшысы

ALGA! / Phygital Kids Fest бағдарламасы екі негізгі бөлімнен тұрды. Күннің бірінші жартысында 50 бала мен 50 ата-ананың қатысуымен ALGA! отбасылық спорттық-білім беру фестивалі өтті. Қатысушылар топтарға бөлініп, алдын ала жасалған бағыт бойынша алаңдар арасында кезек-кезек ауысып отырды.

IMG 8214

Спорттық аймақта балалар мен ата-аналар доппен жұмыс істеу, пас беру, қақпаға соққы жасау, үйлесімділік пен реакцияны дамытуға арналған базалық футбол жаттығуларын орындады. Барлық тапсырмалар ойын форматында, жарыстық қысымсыз, жаттықтырушылар мен нұсқаушылардың сүйемелдеуімен өткізілді.

IMG 8218

Сонымен қатар жұппен және командамен өзара әрекетке бағытталған тапсырмалар ұйымдастырылды. Ата-аналар балаларымен бірге жаттығуларға қатысып, қолдау көрсетіп, белсенді түрде атсалысты. Бұл фестивальдің басты ерекшеліктерінің бірі болды.

IMG 8188

Күннің екінші жартысында іс-шара Phygital Kids Fest форматында жалғасты. Бағдарламаға мамандандырылған мектептер мен интернаттардан 64 бала қатысты. Қатысушылар физикалық футбол тапсырмаларын цифрлық белсенділіктермен кезектестіріп орындады. Алаңдағы жаттығулардан кейін балалар киберспорт аймағына өтіп, FIFA ойыны бойынша шағын турнирге қатысты. Мұндай тәсіл балалардың қызығушылығын сақтап, дайындық деңгейі әртүрлі қатысушыларды қамтуға мүмкіндік берді.

Aidynphoto 1221

Мамандандырылған мектептер мен интернаттардан келген балалар үшін бағдарлама бөлек дайындалды. Тапсырмалар әр баланың мүмкіндігін ескере отырып таңдалды, жаттығулар асықпай өтті. Нұсқаушылар әр балаға жеке көңіл бөліп, балалардың өздерін еркін әрі қауіпсіз сезінуіне жағдай жасады.

IMG 8249

Жалпы фестивальдің алғашқы кезеңіне Қарағанды облысының алты жалпы білім беретін мектебінен, Қарағанды, Абай, Сарань, Теміртау және Үштөбе қалаларынан 50 бала мен 50 ата-ана қатысты. Екінші кезеңіне өңірдің арнайы мектептер мен интернаттардан 64 бала қосылды.

IMG 8243

«ALGA! жобасы аясында ағымдағы жылдың қыркүйек айынан бастап мектептерде үшінші футбол сағатын енгізу бастамасын іске қостық. Бүгін біз жұмыстың алғашқы жартыжылдығының қорытындысын шығарып отырмыз және балалар мен ата-аналар тарапынан жоғары қызығушылық бар екенін көріп отырмыз. Біз үшін спорттың жасына және даму ерекшеліктеріне қарамастан баршаға қолжетімді, қызықты әрі біріктіруші болуы аса маңызды»

Данияр Карибаев, QOFA білім беру жобаларының жетекшісі

Негізгі бағдарламадан бөлек, қатысушылар қосымша аймақтарға еркін барып отырды. Шығармашылық алаңда балалар сурет салып, мүсіндеумен айналысып, ортақ арт-жоба жасауға қатысты. Сонымен қатар фотобудка, фуд-корнер, chill-аймағы және ойын-сауық алаңы жұмыс істеді.

IMG 8247

Сондай-ақ «Шахтёр» футбол клубының қақпашысы Игорь Шацкийдің әйгілі секірісне арналған арнайы интерактив ұйымдастырылды. Қатысушылар бұл элементті қауіпсіз форматта қайталап көруге мүмкіндік алды, бұл балалар арасында ерекше қызығушылық тудырды.

IMG 8171

«Бүгінгі іс-шара маған қатты ұнады, өте керемет өтті. Мұнда мен көп достар таптым, шығармашылықпен айналыстым, ал ең қатты ұнағаны - белсенді тапсырмалар болды. Оның ішінде жүгіру және секіру белсенділіктері. Өте қызықты болды, көп рақмет!»

Таяна Левина, фестиваль қатысушысы

Фестивальдің соңында салтанатты марапаттау рәсімі өтті. Барлық қатысушылар ұйымдастырушылар мен серіктестер тарапынан естелік сыйлықтар алды. Көптеген балалар үшін бұл осындай форматтағы алғашқы тәжірибе болса, ата-аналар үшін балалардың футболға және белсенді демалысқа деген қызығушылығын көруге мүмкіндік болды.

Aidynphoto 1309

ALGA! / Phygital Kids Fest Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының жаппай және инклюзивті балалар футболын дамытуға бағытталған жүйелі жұмысының бір бөлігіне айналды. Бұл формат балалар футболының мүмкіндіктерін кеңейтіп, отбасылар үшін қолжетімді әрі түсінікті етеді.

IMG 8248
IMG 8251

Басқа жаңалықтар