Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Мектеп футболы

Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді

QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы мектептерге Freedom Football Manager платформасын таныстырды

Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді

FFM — Freedom Football Manager жаттықтырушылар мен сарапшыларға арналған заманауи платформа енді мектеп мұғалімдеріне де қолжетімді болды. Жүйе сабақтардың бірегейлігін сақтап, оқу процесін жүйелі және ыңғайлы етуді мақсат етеді.

DSC05774

Бұрын футбол клубтары жаттығуларды өз бетінше жоспарлап, қағазбастылық пен жүйесіздікке тап болатын. 2024 жылы іске қосылған FFM платформасы бұл процесті цифрландырып, барлық деректерді бір жүйеге біріктірді.

DSC05799

Енді Қарағанды облысында жүзеге асып жатқан ALGA! мектеп футболы жобасының мұғалімдері де осы платформаны пайдалана алады. Платформада бастауыш сыныптарға арналған жеңілдетілген жаттығулар базасы бар.

DSC05797

«Біз басшылықпен бірге әрбір мұғалімге жүйенің мүмкіндіктерін, оның қаншалықты қарапайым әрі икемді екенін жеке барып көрсету туралы шешім қабылдадық. Бұл платформа жобаның аясында сабақтарды жоспарлауға өте қолайлы, оны пайдалану жеңіл әрі түсінікті. Жүйе ең алдымен қағазбастылықтан арылып, цифрлық форматқа көшуге мүмкіндік береді. Барлығы сайтта, жеке кабинетте қолжетімді. Мұғалімдер барлық жоспарларын небәрі 10 минуттың ішінде орындай алады»

Тимур Құсайынов, QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы

DSC05803

«Бүгінгі кездесу барысында футболды үйретудің әрбір элементін, түрлі ойын түрлері мен жаттығуларды жүйелі түрде қалай ұйымдастыру керектігін егжей-тегжейлі түсіндіріп берген сарапшыға шын жүректен алғыс айтамын. Біз FFM бойынша жұмыс жасап, әрі қарай бар күшімізді саламыз! Ұйымдастырушыларға көптен көп рақмет. Еңбектеріңізге жеміс тілеймін!»

Гүлнар Ныганова, №15 жалпы білім беретін мектептің мұғалімі

Айта кетейік, Freedom Football Manager платформасы халықаралық деңгейде жоғары бағаланып, G8 Creative Awards, Tagline Awards, MARSPO Awards және Workspace Digital Awards фестивальдерінде үздіктер қатарынан көрінді.Енді сол табысты тәжірибе Қазақстан мектептерінде де қолданысқа енгізіліп, цифрлық білім мен спортты дамытудың жаңа кезеңін бастамақ

Басқа жаңалықтар

ҚОФА Жаңалық