ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Төрешілер мектебі

QOFA төрешілерінің дене дайындығы тексерілді

Қарағанды облысында кәсіби төрешілер мен «Жас төреші мектебі» жобасының қатысушыларын біріктірген фитнес-тестілер өтті

QOFA төрешілерінің дене дайындығы тексерілді

Тест жылдамдық, төзімділік және үйлесімділікті анықтауға бағытталған ARIET, CODA және SPRINT нормативтерін қамтыды. Бұл іс-шараға QOFA-ның 30 төрешісі мен «Жас төреші мектебі» жобасының 12 шәкірті қатысты. Төрешілерге келесі сынақтарға дайындық аясында өткізілетін апталық жаттығуларға арналған спорттық киім жиынтығы табысталды.

DSC04860

Бұл іс-шара QOFA бастамасымен жүзеге асырылған Қарағанды облысы төрешілерінің жүйелі дамуы бағдарламасының бір бөлігі болып табылады. Негізгі мақсат — тәжірибелік, теориялық және физикалық дайындықты біріктіретін тұрақты оқыту жүйесін қалыптастыру.

DSC04995

«Қарағанды облыстық футбол ассоциациясына (QOFA) ұсынылған мүмкіндік пен “Жас төреші мектебі” жобасын ұйымдастырғаны үшін алғыс білдіремін. Бұл бастама төрешілердің жаңа деңгейге көтерілуіне жол ашатынына сенімдімін. Ертеңгі күні осы жоба бүкіл Қазақстанға тарайды деп үміттенемін»

Нүркен Рахметоллаев, QOFA төрешісі

Ұлттық фитнес-нұсқаушы Светлана Кучина төрешілердің тұрақты дене дайындығы заманауи футболдың қарқынына сай болуы қажет екенін атап өтті.

DSC04749

Физикалық тестілер ай сайын тұрақты түрде өткізіліп, төрешілердің барлық санаттары үшін — жас мамандардан бастап облыстық және республикалық деңгейдегі төрешілерге дейін — дайындықтың негізгі бөлігіне айналмақ.

DSC04834

QOFA төрешілікті жай ғана қызмет емес, кәсіби өсу мен аймақтық футболды дамыту жолы ретінде қабылдайтын жаңа буын төрешілерін қалыптастыруды жалғастыруда.

DSC04820

Басқа жаңалықтар