12 тур артта қалды – үздік үштік арасындағы тартыс күшейді
Мәреге жақындаған сайын әр турдың салмағы арта түсуде

Чемпионат шешуші кезеңге қадам басты. Командалардың турнирлік кестедегі орны айқындала бастағанымен, көшбасшылық үшін күрес бұрынғыдан да шиеленісті. Ешкім ұпайды оңайлықпен бермейді.

Жоғары лигада көш басындағы «45 KVARTAL» МФК «КАРАГАНДИНЕЦ» командасын 11:4 есебімен сенімді түрде жеңіп, бірінші орнын сақтап қалды. «Горняк» пен «STU ADS (Политех)» арасындағы ойында «Горняк» басымдық танытып, 22:5 есебімен ірі жеңіске жетті.

«Локомотив-КАЗПРОФЖЕЛ» мен «СДЮШОР-Ветераны» арасындағы кездесу теміржолшылардың 19:4 есебіндегі айқын жеңісімен аяқталып, турдың ең нәтижелі матчтарының біріне айналды. «Wooppay» «AVTOKING»-ке қарсы ойында 10:9 есебімен басым түсіп, жоғарғы орындарға таласуға дайын екенін көрсетті.
Үздік үштік арасындағы бәсеке сақталып отыр – командалар ұпай жоғалтпай, жоғары қарқынды ұстап келеді.

Жоғары лиганың үздік сұрмергені: Богдан Новиков («45 KVARTAL») – 42 гол.

Бірінші лигада да тур тартысты әрі нәтижелі өтті. «Valua» «Ansaroff»-ты 6:2 нәтижесімен тізе бүктіріп, көшбасшылар тобындағы орнын нығайтты. «KKZ» «STU ADS-2 (Политехник)» командасынан 12:2 айырмасымен басым түсті.

«AR-NAMIS» «Авангардты» 4:3 есебімен артта қалдырды. Ал «Тумар 49» «KROSSFIN» командасымен кездесуде 3:1 нәтижесін тіркеді. «Ногу свело» «Silk Road electroniks»-ке қарсы ойында 9:7 есебін өз пайдасына шешті. «ISMAIL DOORS» «ALL STARS»-пен матчта 5:2 есебін көрсетті.

«СМ 12 месяцев» «Новодолинка» командасын 8:6 есебімен жеңсе, «OUTSIDERS» - MFC «NOMAD» матчы 5:0 есебіндегі техникалық нәтижемен аяқталды.

Бірінші лиганың үздік сұрмергені: Мерей Кутымбетов («Тумар 49») – 44 гол.
12 тур қорытындысы бойынша екі лигада да тартыс жоғары деңгейде жалғасуда. Көшбасшылар өз орындарын сақтағанымен, ұпай айырмашылығының аздығы ешбір командаға еркінсуге мүмкіндік жоқ. Алда маусымның шешуші кезеңі тұр.
Басқа жаңалықтар
Саранда жас футболшылар арасындағы «Достық – 2026» турнирі мәресіне жетті.
Саран қаласының «Сұңқар» стадионында Қарағанды, Саран және Теміртау қалаларынан келген алты команда өзара бақ сынасты.

Қарағандыда FREEDOM FUTSAL BFL AWARDS қорытынды марапаттау кеші өтті
Шара барысында маусым бойы жоғары нәтиже көрсеткен командалар, үздік ойыншылар мен арнайы номинация иегерлері марапатталды.

Қарағанды облысы кубогы 2026: «Дорожник» пенальти сериясында жеңіске жетіп, чемпион атанды
Биылғы додаға облыстың әр өңірінен 14 команда қатысып, Теміртау, Абай, Саран, Бұқар жырау, Осакаровка, Шет және Қарағанды қалаларының ұжымдары өзара мықтыны анықтады.

О.В. Миляевты еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды
Саранда өткен республикалық турнирге 2013 жылы туған жасөспірімдерден құралған 12 команда қатысты.
