Футзалдан ашық Freedom-біріншілігі: 5-ші турдың қорытындылары
Маусымдағы ең тартысты кезең: сенімді көшбасшылар, ірі жеңістер және әр ұпай үшін күрес.

Қарағандыда 2025–2026 маусымының «Футзалдан ашық Freedom-біріншілігі» аясындағы бесінші тур мәресіне жетті. Бұл тур да жанкүйерлерге тартысты ойын, әсерлі голдар және күтпеген нәтижелер сыйлады. Екі лигада да командалар жақсы ойын көрсетіп, бар күшін салды.

Турдың басты оқиғасы — чемпионат көшбасшысы «45 KVARTAL» командасының «Wooppay»-ды 5:2 есебімен жеңуі болды. Команда ұпай жоғалтпай, тұрақты әрі нәтижелі шабуыл ойын үлгісін жалғастырып келеді.
Өте тартысты өткен кездесулердің бірінде «Локомотив-КАЗПРОФТРАНС» командасы «Интеграция-МТС» ойыншыларын 6:5 есебімен ұтып, үздіктер қатарындағы орнын нығайтты.
«AVTOKING» маңызды үш ұпайға қол жеткізіп, «МФК Карагандинец» командасын 4:1 есебімен жеңді.
Ал «МФК Тулпар-1» турдың ең нәтижелі матчын өткізіп, «Горняк» командасын 8:1 есебімен жеңді. «СДЮШОР-Ветераны» «STU ADS (Политех)» командасына қарсы 12:4 есебімен жеңіске жетті.
5-ші турдан кейінгі үздік үштік:
1. «45 KVARTAL» — 15 ұпай
2. «AVTOKING» — 12 ұпай
3. «Тулпар-1» — 12 ұпай
Үздік сұрмерген: Богдан Новиков («45 KVARTAL») — 14 гол

Бірінші лигада «KROSSFIN» көш бастап тұр, ал қалған командалар өз орындары үшін белсенді түрде таласуда.
«Авангард» командасы да жеңіс сериясын жалғастырып, «Valua» ұжымын 13:8 есебімен ұтып, жақсы қарқын көрсетуде. CM «12 месяцев» бұл турды да сәтті өткізіп, «STU ADS-2» командасын 8:1 есебімен жеңіп, үштік арасындағы орнын күшейтті.
«KROSSFIN» турдың маңызды матчында «AR-NAMIS» командасын 4:1 есебімен жеңіп, көшбасшылық орынды ұстап тұр.

«Бүгін біз 4:1 есебімен жеңіске жеттік, барлығымызды осы маңызды матчпен құттықтаймын. Бұл ойынның маңызы жоғары болды, себебі біз де, қарсыласымыз «AR-NAMIS» та 12 ұпайдан жинап, 1–2 орындарды бөлісіп тұрған едік. Жеңу біз үшін өте маңызды болды - біз соған қол жеткіздік. Жас футболшыларға айтарым: футболмен шұғылданыңыздар, еңбектеніңіздер, өз істеріңізге бар күш-жігеріңізді салыңыздар. Тек еңбек қана нәтиже береді - сонда бәрі де мүмкін болады»
Дмитрий Финк, «KROSSFIN» командасының капитаны
«Ansaroff» және «Новодолинка» арасындағы кездесу турдың ең нәтижелілерінің бірі болып, 7:7 есебімен тең аяқталды.
Бірінші лиганың үздік үштігі:
1. «KROSSFIN» - 15 ұпай
2. CM «12 месяцев» - 13 ұпай
3. «Bounty – ОНП» - 12 ұпай
Үздік сұрмерген: Андрей Пинчин («Новодолинка») - 12 гол

5-ші тур маусымдағы ең қызықты турлардың бірі болды. Бірнеше команда өз мүмкіндігін көрсетсе, екі лигада да бәсеке күшейіп келеді. Келесі турда жағдай тағы өзгеруі мүмкін, ал жанкүйерлер жаңа әрі тартысты ойындарды тамашалайды.

Басқа жаңалықтар
Футзалдан ашық Freedom-біріншілігінің 13-ші туры: бәсеке қыза түсті
Көшбасшы сенімді қадаммен алға шықты, ал орындар үшін күрес бұрынғыдан да шиеленісе түсті

12 тур артта қалды – үздік үштік арасындағы тартыс күшейді
Мәреге жақындаған сайын әр турдың салмағы арта түсуде

Турнир кестесі айқындала түсті
Футзалдан ашық Freedom-біріншілігінің 11-туры: көшбасшылар алшақтай бастады

Интрига сақталуда: футзалдан ашық Freedom-біріншілігінің 10-шы туры қалай өтті
Жоғары және Бірінші лигалар жанкүйерлерді тартысты әрі нәтижелі ойындармен қуантуды жалғастыруда
