ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Мектеп футболы

Freedom Futsal BFL жаңа кезеңі: Қарағандының жас таланттары алаңға шықты

Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен Freedom Futsal BFL жобасының жаңа кезеңін бастады.

Freedom Futsal BFL жаңа кезеңі: Қарағандының жас таланттары алаңға шықты

Биыл бәсеке ауқымын кеңейтіп, U-13, U-15, U-17 және U-19 жас санаттарын қамтыды. Бұл – өңірдегі жас спортшылар үшін тұрақты ойын тәжірибесін жинап, шеберлігін шыңдауға берілген маңызды мүмкіндік. Жаңа кезеңге 23 команда қатысып отыр.

Still 2026 03 28 213057 1.14.1

Алғашқы турдың өзі жанкүйерлерді бейжай қалдырмады: ойындар жоғары қарқынмен өтіп, алаңда нағыз тартыс өтті. Әсіресе, турнирдің шымылдығын түрген «Nurmaqov» пен «STU-2» арасындағы кездесу ерекше есте қалды. Екі команда да шабуылға басымдық беріп, нәтижесінде матчта 9 гол соғылды. Қорытынды есеп — 4:5. Соңғы сәттерде басым түскен «STU-2» жеңісті жұлып әкетті. Команда капитаны Илья Григорьевтің айтуынша, биыл Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті бірнеше жас санатына бірдей қатысып отыр.

Биыл біз QOFA турниріне үш жас санаты бойынша қатысып отырмыз: екі команда U-17, бір команда U-15 және бір команда U-13. Жалпы турнир жоғары деңгейде өтуде. Бүгін «NURMAQOV» қарсы алғашқы ойынды өткізіп, 5:4 есебімен жеңіске жеттік. Ойын өте қызық өтті, соңғы минуттарға дейін тартыс үзілген жоқ. Кездесудің тағдыры тек матч соңында шешілді.

Илья Григорьев, "STU-2" команда капитаны

5348365754459428482
5350292000047043608 (1)

Турнирдің ұйымдастырушысы Мәди Кәрібай жаңа формат пен алғашқы тур туралы пікір білдірді:

Freedom Futsal BFL — өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футзалының дамуына серпін беретін маңызды алаң. QOFA қолдауымен осы жас санаттарындағы ең мықты командалар жиналып, ойыншылар тұрақты түрде тәжірибе жинақтауға мүмкіндік алып отыр. Алғашқы матчтар-ақ тартыс пен көрермен қызығушылығының жоғары деңгейде екенін көрсетті. Маусым бойы осы қарқын сақталады деп сенеміз.

Мәди Кәрібай ұйымдастырушы

Still 2026 03 28 213112 1.11.1

Жаңа жас санаттарының енгізілуі — Қарағанды облысында футзал мен футболды дамыту жолындағы маңызды қадам. Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы мен Freedom Holding Corp. қолдауының арқасында жас спортшылар сапалы бәсекеде шыңдалып, үлкен спортқа нық қадам жасауға мүмкіндік алып отыр. 

Still 2026 03 28 213137 1.4.1

Ойындар әр демалыс сайын екі заманауи алаңда өтеді: «Аманат» спорт кешені (Қарбышева көшесі, 7/5) және «Amanat Arena» (Ермеков көшесі, 49/3). Мұндай жобалар жас спортшылардың әлеуетін ашып қана қоймай, болашақта кәсіби спортқа жол салуға негіз болады.Сондықтан жанкүйерлерді жас таланттарға қолдау көрсетуге шақырамыз.

Басқа жаңалықтар