Қарағандыда инклюзивті матч өтті
«Astana UNI» және «НОДА» командалары аймақтық адаптивті футбол бағдарламасы аясында жолдастық кездесу өткізді.

Қарағандыдағы «Жастар» спорт кешенінде «Astana UNI» (Астана) және «НОДА» (Қарағанды облысы) командалары арасында инклюзивті жолдастық матч өтті. Кездесу тірек-қимыл аппараты бұзылған балаларға арналған футболды дамыту жобасының бір бөлігі ретінде ұйымдастырылды. Жоба 2019 жылдан бері іске асырылып келеді.
Бағдарлама «Қарағанды облысының білім басқармасы», «Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы», Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) және «Шахтёр» футбол клубының қатысуымен дамып келеді. Алты жыл ішінде толыққанды жүйе қалыптасты: жаттығулар, жарыстар, жаттықтырушыларды оқыту және инклюзивті іс-шаралар тұрақты түрде өткізіліп келеді.

Бағдарламада UEFA-ның ерекше білім беру қажеттіліктері бар балалармен жұмыс істеуге арналған курстарынан өткен білікті мамандар жұмыс істейді. Бұл жаттығу процесін балалардың мүмкіндіктеріне бейімдеуге және халықаралық әдістемелік талаптарды сақтауға мүмкіндік береді.
Матчқа Астанадан «Astana UNI» командасының жас ойыншылары, жаттықтырушылар және Қазақстан футбол федерациясының өкілі, UNI Football League лигасының жетекшісі Темерханов Чингис Багдавич келді.

«Бұл жолдастық кездесу, ең алдымен, балалардың өздерін алаңда сенімді сезінуіне мүмкіндік береді. Ерекше балалармен жұмыс істеу — уақытты, сенімді және максималды қолдауды талап етеді. Жаттықтырушы, бала және ата-ана бір команда болып әрекет еткен кезде шынайы өзгерістер орын алады. Бұрын көптеген адамдар балалардың даму қарқынына күмәнданатын, алайда олар керісінше дәлелдеп шықты — біз дұрыс бағытта алға жылжып келеміз».
Пётр Марченко, «Astana UNI» командасының жаттықтырушысы
«НОДА» командасы — тірек-қимыл аппараты бұзылған және ДЦП диагнозы бар балалардан құралған. «Astana UNI» құрамында Даун синдромы, аутизм және басқа да ерекше білім беруді қажет ететін балалар ойнайды. Командалар тәртіп, өзара әрекеттесу және ойын қарқынын барынша көрсетіп, 7:4 есебімен «НОДА» командасы жеңіске жетті.

«Я Мен жартылай қорғаушымын — позициямды ұстап тұрып, шабуылға дер кезінде қосылуға тырысамын. Бүгін оңай болған жоқ: қарсылас тығыз қорғанды, бар күшімді салуға тура келді, бірақ бұл мені одан сайын ынталандырады. Футболмен сегіз айдан бері айналысамын. “Болашақ” қорына және өз командамызға қолдауы мен мүмкіндік бергені үшін алғыс айтамын».
Асылбек Сатинов, «Astana UNI» командасының жартылай қорғаушысы
Матч аяқталғаннан кейін Қазақстан футбол федерациясы (KFF) және «Болашақ» қоры балаларға фирмалық сыйлықтар табыстап, инклюзивті жобаларды қолдауды жалғастыратынын атап өтті.

«Біз үшін бұл матчтың маңызы ерекше — бұл нағыз инклюзия және маңызды әлеуметтік жоба. Қазақстан футбол федерациясына және «Шахтёр» футбол клубына кездесуді ұйымдастырып,инклюзивті футболды қолдағаны үшін алғысымды білдіремін. UNI Football League екі жылдан бері жұмыс істейді: осы уақыт ішінде біз еліміз бойынша тоғыз секция аштық, әрбір баланың футбол қауымдастығының бір бөлігі болуына мүмкіндік жасауды жалғастырып келеміз»
Чингис Темерханов, «UNI Football League» лигасының жетекшісі
Қарағандыдағы матч адаптивті футболды жүйелі дамыту бағытындағы жұмыстың нәтижесін көрсетіп, балаларға қолайлы әрі қолжетімді спорттық орта қалыптастыруға ықпал етті.

Басқа жаңалықтар
Қарағандыда инклюзивті матч өтті
«Astana UNI» және «НОДА» командалары аймақтық адаптивті футбол бағдарламасы аясында жолдастық кездесу өткізді.

«НОДА» командасына жаңа спорттық форма табысталды
Команда парафутбол турнирлеріне қатысуды жалғастырып, алдағы ойындарға дайындалып жатыр

Владимир Асылбаевты еске алуға арналған ашық қалалық турнирі
Турнир биыл да өз дәстүрін сақтап, маңыздылығын және жоғары спорттық деңгейін айқын көрсетті

Freedom Balalar Futbol Ligasy
Қарағанды облысының ресми балалар мен жасөспірімдер футбол біріншілігі
