Қарағанды облысында 2024/25 жылғы футзал маусымы мәресіне жетті
Турнир чемпиондары мен маусымның үздік ойыншылары анықталды

Қарағанды облысында 24 мамыр мен 31 тамыз аралығында әуесқой командалар арасында футзалдан дәстүрлі «Жазғы біріншілік» өтті. Жарыс Қарағанды қаласындағы «Тұлпар» спорт кешенінің алаңында ұйымдастырылды. Биылғы маусымға 25 команда мен 500-ге жуық ойыншы қатысып, әрқайсысы 12 ойыннан өткізді. Нәтижесінде қос лигада үздіктер белгілі болды.
Жоғарғы лигада 28 ұпай жинаған Қарағандылық «Интеграция-МТС» чемпион атанды. Күміс жүлде «AVTOKING» командасына бұйырса, қола жүлдені МФК «Тұлпар-1» иеленді.
Бірінші лигада Нұра ауданының «NURA» командасы 31 ұпаймен көш бастады. «Авангард» екінші, «KKZ» үшінші орынға жайғасты.

Маусым қорытындысы бойынша үздік ойыншылар да марапатталды:
Жоғарғы лига:
Үздік қақпашы — Жасұлан Төлеутаев («Интеграция-МТС»)
Үздік сұрмерген — Талғат Аманжол («Интеграция-МТС»), 27 гол
Маусымның ең үздік ойыншысы (MVP) — Сергей Коваль («AVTOKING»)
Бірінші лига:
Үздік қақпашы — Максим Изотов («KKZ»)
Үздік сұрмерген — Станислав Васильев (МФК «FREEWAY»), 30 гол
Маусымның ең үздік ойыншысы (MVP) — Нұрасым Құдайберген («NURA»)
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының кубоктары, медальдары және естелік сыйлықтарымен марапатталды. Турнирдің соңғы ойыны облыс жанкүйерлері үшін үлкен мерекеге айналды.
Басқа жаңалықтар
Freedom QJ League семинары: жаңа маусымға дайындық алаңы
Қазақстандағы жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған Freedom QJ League аясында арнайы семинар өтті.

Елордада QJ League жаңа маусымының шымылдығы ашылды
Астанада Freedom QJ League-тің жаңа маусымына арналған ресми ашылу рәсімі өтті.

«Шахтёр» жаңа кезеңге қадам басты
Қарағандыда “Шахтёр” футбол клубының биылғы маусымына арналған ресми таныстырылымы өтті.

Тимур Турлов «Парасат» орденімен марапатталды
Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасы бойынша ҚР Премьер-министрі Олжас Бектенов ел дамуына елеулі үлес қосқан азаматтарға мемлекеттік наградалар табыстады
