Қарағанды облысы кубогы 2026: «Дорожник» пенальти сериясында жеңіске жетіп, чемпион атанды
Биылғы додаға облыстың әр өңірінен 14 команда қатысып, Теміртау, Абай, Саран, Бұқар жырау, Осакаровка, Шет және Қарағанды қалаларының ұжымдары өзара мықтыны анықтады.

Турнир плей-офф жүйесі бойынша ұйымдастырылып, әр матчтың нәтижесі шешуші болды. Жарысқа қатысушылар санына байланысты арнайы жеребе өткізіліп, оның қорытындысы бойынша «Шахан» мен «Бұқар жырау» командалары 1/8 финал кезеңінсіз бірден ширек финалдан жарысты бастады. Барлық кездесулер Теміртау қаласындағы «Металлург» стадионында өтті. Ал жартылай финал мен финалдық матчтар үш камера арқылы түсіріліп, жанкүйерлерге QOFA YouTube каналында тікелей эфирде ұсынылды.

1/8 финал ойындарында «Qarmet», «Ақбел», «Жауыртау», «НИШ-Исмаил», «Дорожник» және «Асан» командалары келесі кезеңге жолдама алды.
Ширек финалда:
«Асан» теміртаулық дербиде «Qarmet»-ті 3:1 есебімен жеңді
«Ақбел» «НИШ-Исмаилдан» басым түсті
«Бұқар жырау» «Шаханды» 3:0 есебімен ұтты
«Дорожник» пен «Жауыртау» арасындағы ойында жеңіс пенальти сериясында ботақаралық ұжымға бұйырды
Жартылай финалда:
«Дорожник» «Бұқар жырауды» 2:1 есебімен жеңді
«Асан» «Ақбелден» 4:2 есебімен басым түсті
Осылайша финалда Теміртау қаласының «Асан» командасы мен Батақара кентінің «Дорожник» командасы кездесті.

Шешуші матч 10 мамыр күні өтті. Негізгі уақыт 0:0 есебімен аяқталып, жеңімпаз пенальти сериясында анықталды. Нәтижесінде «Дорожник» командасы 3:1 есебімен жеңіске жетіп, 2026 жылғы Қарағанды облысы кубогының иегері атанды.
Ұйымдастырушылардың бірі әрі бас төреші Артем Кучин турнирдің маңызына тоқталып өтті:
Бұл турнир облыстағы үлкен футбол маусымын ашады. Биыл жарысқа 14 команда қатысты — мұндай көрсеткіш көптен бері болмаған. Келесі аптада басталатын облыс чемпионатында қатысушылар саны бұдан да көп болады деп үміттенеміз.

Аймақтық футбол мерекесіне айналған бұл дода Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) мен Freedom компаниясының қолдауымен ұйымдастырылды.
Турнир барысында барлық командалар өз мүмкіндігін көрсетті, көптеген кездесулер соңына дейін шиеленісті өтті. Бұл дода облыс футболының дамуына серпін беріп, жаңа маусым алдындағы маңызды баспалдақтардың біріне айналды.
Басқа жаңалықтар
О.В. Миляевты еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды
Саранда өткен республикалық турнирге 2013 жылы туған жасөспірімдерден құралған 12 команда қатысты.

Қарағанды облысы Кубогының U-16 жасөспірімдер арасындағы финалы аяқталды
Абай мен Теміртаудың «СДЮСШОР-2» командасы 2003 жылғы Чемпиондар лигасының финалын еске салған тартысты ойын көрсетті.

Қарағандыда Freedom Balalar Football League қысқы маусымын қорытындылады
Мыңдаған баланы біріктірген, бәсекелі ойындар мен ерекше эмоцияларға толы маусым ауқымды мерекемен аяқталды.

Теміртауда Қарағанды облысының Кубогы басталды
Бұл турнир өңірдегі үлкен футбол маусымының шымылдығын ашып, плей-офф форматында өтуде. Кубоктың шешуші кезеңдері YouTube платформасында жарияланып отырады.
