ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы

Артем Кучин УЕФА-ның төрелік ету конвенциясының үйлестірушісі болып тағайындалды

Қарағандылық футбол төрешісі Артем Кучин Қазақстан футбол федерациясындағы УЕФА-ның төрелік ету конвенциясының жаңа үйлестірушісі болып тағайындалды.

 Артем Кучин УЕФА-ның төрелік ету конвенциясының үйлестірушісі болып тағайындалды

Артем Кучин 1977 жылы Қарағандыда дүниеге келген, 2009 жылдан бері ФИФА төрешісі. Ол УЕФА Еуропа лигасы топтық кезеңінің матчына қазылық еткен алғашқы қазақстандық төреші ретінде тарихқа енді. Сондай-ақ оның есебінде Әлем чемпионатының іріктеу турнирлері, УЕФА Еуропа лигасы мен Конференция лигасы, жасөспірімдер арасындағы Еуропа чемпионаттары, сонымен қатар Қазақстан Кубогы мен Суперкубогының финалдық матчтары бар.

DSC06687 1

Халықаралық және республикалық деңгейден бөлек, Артем Кучин Қарағанды облысының футбол төрелігін дамытуға елеулі үлес қосып келеді. Әуесқойлар мен балалар арасындағы облыстық жарыстарды, Қарағанды облысының чемпионаттары мен түрлі кубоктық турнирлерді ұйымдастыруға және өткізуге тікелей қатысады.

Оның жетекшілігімен ҚОФА (QOFA) базасында өңірдегі жаңа буын төрешілерін даярлауға бағытталған «Жас төреші мектебі» жобасы дамып келеді. Жоба аясында жас төрешілер кешенді оқудан өтіп, төрелік ету теориясын меңгереді, практикалық дағдыларын жетілдіреді және футбол матчтарында жұмыс істеуге қажетті психологиялық дайындықтан өтеді.

ҚОФА (QOFA) өз жерлесін жауапты қызметке тағайындалуымен құттықтап, жұмысына сәттілік тілейді!

Басқа жаңалықтар