Қарағандыда «Шахтёр» мен «Булат» ардагерлері арасында жолдастық матч өтті
Конституция күні мен Шахтерлер күніне арналған ойын тең нәтижемен аяқталды

Алдыңғы жылдардағыдай алаңда қарағандылық футболдың айқын жұлдыздары — Андрей Финонченко, Асқар Әбілдаев, Евгений Лунев, Сергей Дубков өнер көрсетті. Сондай-ақ «Шахтёр» командасының бапкерлері Иржи Ярошек пен Петар Алексеевич ойыншыларды қолдау үшін алаңға шықты.
«Булат» сапында Олег Закшевский, Олег Бобровский, Александр Шпита, Валерий Галицын, Олег Поведенок және басқа да белгілі ойыншылар бақ сынады.
Ойынның ерекше сәті — допты ойынға Қазақстандық футбол ардагері әрі «Шахтёрдің» аңызы Серікбек Рахметұлы Искаков қосты.

Кездесу қызу тартыста, бірақ достық рухында өтіп, тең есеппен аяқталды. Бұл ойын қос клуб ардагерлерінің көпжылдық достығы мен спорттық бәсекелестігін тағы бір мәрте айқындады.
Басқа жаңалықтар
15 наурызда республикалық референдум бойынша дауыс беру өтеді
Қазақстан Республикасы азаматтары жалпыұлттық дауыс беруге қатысады

Қарағандыда Арлан Туркеновты қолдауға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Қала тұрғындары емге қаражат жинауға белсене атсалысты

QOFA Виктор Иванович Бобровтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтады
Ар-намысы биік, өмірін қарағандылық футболға арнаған тұлға

«Шахтёр» ФК ойыншылары балалар футболының болашағы туралы
Клуб ойыншылары ерте даярлық пен жарыс тәжірибесінің жас футболшылар үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтті
