ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Ассоциациясы

Freedom BFL: Қарағанды облысындағы балалар футболын дамытудың жаңа кезеңі

Балалар мен жасөспірімдерге арналған Freedom BFL футбол лигасын іске қосу туралы меморандумға қол қойылды

Freedom BFL: Қарағанды облысындағы балалар футболын дамытудың жаңа кезеңі

Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) және «Қазақстан әуесқой футбол лигасының» (ҚӘФЛ) Қарағанды филиалы өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойып, өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуды ресми деңгейде бекітті.

DSC06116

Құжатқа сәйкес, қолданыстағы Balalar Futbol Ligasy (BFL) жобасы ресми мәртебеге ие болып, енді облыстық біріншілік форматында Freedom Balalar Futbol Ligasy атауымен өтетін болады. Меморандум лиганың ұйымдастырушылық негізін айқындап, мемлекеттік органдар, футбол ассоциациясы және жоба операторлары арасындағы міндеттер мен жауапкершіліктерді нақтылайды

DSC06138

«Біз бірлесе отырып балалар футболын дамытып, арнайы балалар лигасын іске қоспақпыз. Біздің облыста бүгінде 150-ден астам команда қатысатын әуесқойлар лигасы табысты жұмыс істеп келеді. Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауының арқасында футбол академиясы салынуда, жаңа жобалар жүзеге асырылуда. Бірлесе отырып Қарағандыны еліміздің жетекші спорттық өңіріне айналдырамыз деп сенемін»

Серік Сәпиев, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы

Freedom BFL – бұл облыстың барлық ауданындағы мектептер мен клубтарды біріктіретін ауқымды балалар-жасөспірімдер футбол лигасы. Ойындар 7×7, 6×6 және 5×5 форматтарында өтеді. Қатысушылар бірыңғай регламентпен, электронды хаттамалармен және кәсіби төрешілікпен қамтамасыз етіледі. Барлық матчтар бейнетүсірілім, YouTube-трансляциялар және әлеуметтік желілердегі жарияланымдар арқылы толық медиа қолдау алады.

DSC06132

Бүгінде Freedom BFL лигасында 128 команда, 2000-нан астам жас футболшылар тіркелген. Ойындар Қарағанды мен Саран қалаларындағы төрт спорттық алаңда өтіп, әр апта сайын 64 матч өткізу жоспарлануда.

DSC05865

«Біз жаңа турнир құрмаймыз – бұрыннан өткізіліп келе жатқан чемпионатты ресми форматқа көтеріп, жаңа деңгейге шығарамыз. Енді балалар жүйелі және сапалы ұйымдастырылған жарыстарда ойнау мүмкіндігіне ие болады»

Талғат Қаржаубаев, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының бас хатшысы

DSC05853

«Freedom BFL жас спортшыларға жаңа мүмкіндіктер ашады – спорттық разрядтар алу, ресми жарыстарға қатысу және кәсіби тұрғыда даму. Барлық нәтижелер мен статистика онлайн-қосымшада қолжетімді, бұл жүйені ашық әрі заманауи етеді»

Мейрам Серіков, ҚӘФЛ Қарағанды филиалының төрағасы

Ресми бөлімнен кейін жаңа маусымның символдық бастауын білдірген көрсетілімдік матч өтті. Ойынға белгілі спортшылар қатысты: Серік Сәпиев – Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы, Максим Раков – дзюдодан Қазақстан Республикасының халықаралық дәрежедегі спорт шебері, әлем чемпионы , Андрей Самохин – 2008 жылғы Бейжің Олимпиадасының қатысушысы, Азия чемпионы, олардың арасында Қазақстан футболының аңыздары - Асқар Әбілдаев, Александр Кислицын, Сергей Ткачук және тағы басқалары.

DSC06070

Матч 8:8 есебімен тең аяқталып, спорттағы бірлікті, шабытты және өңірдегі балалар футболының дамуының жаңа кезеңін айқындай отырып, салтанатты рәсімнің жарқын қорытындысына айналды.

DSC06082
DSC06092

Басқа жаңалықтар