Шығармашыл жастарға мүмкіндік
Қарағандыда жаңа арт-нысан жасалмақ — және оның авторы сіз болуыңыз әбден мүмкін!

Қарағандыда Freedom Holding Corp. қолдауымен ALGA! жобасы аясында балалар футболының дамуы мен салауатты өмір салтын дәріптейтін мурал эскизіне арналған байқау ұйымдастырылуда. Бұл – шығармашыл адамдарға өз идеясын жүзеге асыруға тамаша мүмкіндік: жеңімпаздың эскизі қала көшесіндегі көрікті муралға айналады.

Байқаудың өтуіне Қарағанды қаласы Қазыбек би ауданының әкімдігі қолдау білдіруде. Мурал Орбита көшесі, 41-үйдің қасбетінде орналасады және екі көрші үйдің қабырғасында біртұтас сурет ретінде көрінеді. Эскизде балалар футболы, командалық ойын мен белсенді өмір салты көрініс табуы керек.

Эскиздер қабылдау кезеңі 3 сәуірден 23 сәуірге дейін. Сол аралықта әрбір қатысушы өз жұмысын электрондық пошта арқылы жібере алады. Комиссия жұмыс сапасын, идеяның түпнұсқалылығын, композициялық тұтастығын және фасадқа бейімделуін бағалайды. Жеңімпаз 28 сәуірге дейін анықталады және өзінің эскизін мурал ретінде жүзеге асыру мүмкіндігін, авторлық мәртебесін және 500 000 теңге сыйақысын алады. Екінші және үшінші орынға қатысушылар жобаның серіктестерінен естелік сыйлықтар алады.
Қатысу үшін электрондық пошта: social@qofa.kz (хат тақырыбы: «Мурал эскизіне конкурс»)
Қосымша ақпарат үшін телефон: +7 (775) 328 71 06
Байқауға қатысу ережесі
Басқа жаңалықтар
Жасымас жігер жеңіске жетелейді
Қарағандыда ерекше футзал командасы бар. «Пантера»– есту қабілеті шектеулі жігіттерден құралған ұжым. Олар үшін футбол – тек ойын емес, өздерін дәлелдеудің бір жолы.

BASTA! — жастарға жол ашатын тағылымдама
Қарағанды облыстық футбол ассоциациясында (QOFA) жас буынға мүмкіндік беретін жаңа жоба қолға алынды.

QOFA Наурызы: дәстүр мен спорт тоғысқанда
Қарағанды Орталық саябағында Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.

«Біз үшін ең үлкен жеңіс – көмек көрсету»: QOFA vs Star Team
Жүлде үшін емес, өмір үшін. Қарағандыда QOFA мен Star Team арасында өткен қайырымдылық шоу-матчтың басты жеңісі – кішкентай Расул Түлкібаевқа көрсетілген көмек.
