Қарағандыда жаңа арт-нысанның авторлары марапатталды
ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылған мурал эскиздерінің ашық байқауы өз мәресіне жетті.

Бір ай бойы қатысушылардан өтінімдер қабылданып, ұсынылған жұмыстар арнайы комиссия тарапынан жан-жақты сарапталды. Байқау қорытындысы бойынша үздік жұмыстар анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
Бағалау барысында эскиздердің креативтілігі, көркемдік шешімі, балалар футболы тақырыбын қамтуы және мурал ретінде жүзеге асыруға лайықтылығы ескерілді. Байқау Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы мен демеушісі Freedom қолдауының арқасында өткізілді.

Нәтижесінде:
1 орын — «Урбанистика орталығы» ЖМ, суретші-дизайнер Александра Тукенова
2 орын — Елизавета Шаршакова
3 орын — Алимжан Шакарим
Жеңімпаз атанған эскиз Қарағанды қаласындағы Орбита көшесінде орналасқан тұрғын үйдің қасбетіне салынатын болады. Ерекше жоба екі көршілес ғимараттың қабырғасын біртұтас композиция ретінде қамтып, қаланың жаңа визуалды символдарының біріне айналмақ.

Жүлдегерлерге арнайы марапаттар табысталып, үздік эскиз авторына 500 000 теңге көлемінде ақшалай сертификат берілді. Бұл шығармашылық идеяларды қолдаудың және жас таланттарға мүмкіндік жасаудың нақты көрінісі болды.
Айта кетейік, қорытынды мурал ғимарат қасбетінің техникалық ерекшеліктері мен қолданылатын бояу технологиясына байланысты бастапқы эскизден сәл өзгеше болуы мүмкін.
Басқа жаңалықтар
ALGA! жобасының түлектері үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын жасады
Әлімхан Ермеков атындағы кубоктың жеңімпазы атанған №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ALGA! жобасының арқасында жаңа белестерді бағындыруды жалғастыруда.

ALGA! жобасының оқушылары республикалық футбол турниріне қатысты
Қарағанды қаласындағы №19 мектептің оқушылары 1–5 маусым аралығында Астанада өткен «Балдаурен» республикалық футбол турниріне қатысты.

XXV қалалық «Жаңа буын» футбол турнирі өз мәресіне жетті
Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жарысқа өңірдің 21 мектебінен 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер командалары қатысты.

Қарағандыда оқушылар арасында алғашқы ALGA! футбол турнирі өтті
Жарыс Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған ALGA! жобасына қатысушы мектептердің 3–4 сынып оқушыларынан құралған 8 команда қатысты.
