ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Әлеуметтік жобалар

QOFA Наурызы: дәстүр мен спорт тоғысқанда

2026 жылғы 21 наурызда Қарағанды қаласының Орталық саябағында Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы кең көлемде аталып өтті.

QOFA Наурызы: дәстүр мен спорт тоғысқанда

 Шарада Freedom Holding Corp. қолдауымен QOFA ұйымы ұлттық нақыштағы киіз үй тігіп, мазмұнды әрі қызықты интерактивті бағдарлама ұсынды. Дәстүр мен заманауи спорт үндескен алаңда күні бойы мыңдаған қала тұрғындары қонақ болды.

QOFA-ның брендтелген киіз үйінің алдында келушілерді ұлттық киім киген еріктілер қарсы алды. Іс-шараның маңызды сәттерінің бірі – Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев бастаған делегацияның келуі болды. Ұйымдастырушылардың бірі Данияр Кәрібаев қонақтарға ALGA!, BFL және Phygital жобаларын таныстырып, мерекелік алаңның тұжырымдамасы мен интерактивті аймақтар туралы баяндады. Сонымен қатар қала тұрғындарына жаңа піскен бауырсақ, құрттың түр-түрі және өзге де ұлттық тағамдар ұсынылды.

DSC04991

Ресми бөлімнен кейін қонақтар QOFA дайындаған ойын-сауық бағдарламасына белсене қатысты. Алаңда қазақтың салт-дәстүрі мен спорт тақырыбындағы квиз, аэрофутбол, ұлттық ләңгі, «Bottle flip» және өзге де челлендждер ұйымдастырылды. Қатысушылар түрлі сайыстарға қатысып, серіктестер – Life Football, Natige, Qasym Kitap және «Биосфера» ұсынған сыйлықтарға ие болды. Ерекше қызығушылық тудырған сайыстардың бірі – қарағандылық «Шахтер» клубының қақпашысы Игорь Шацкийдің құрметіне арналған челлендж. Қатысушылар биіктікке секіру және допты баспен дәл бағыттау бойынша сынға түсіп, Қазақстан құрамасының қақпашысы көрсеткен әйгілі секірісті қайталауға тырысты. Ең үздіктер жүлдеге ие болып, арнайы макет жанында естелік суретке түсті.

DSC05308

Іс-шара қорытындысын ұйымдастырушылардың бірі Данияр Кәрібаев түйіндеді:

Бүгін біз Наурыз мерекесіне орай Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының арнайы интерактивті киіз үйін ұсынып отырмыз. Біздің мақсат – келушілерге жай ғана мереке емес, көңілді әрі белсенді уақыт сыйлау. Сондықтан мұнда интерактивті ойындар, квиздер, «аэрофутбол», челлендждер және ұлттық ләңгі ойыны ұйымдастырылған.Барша қала тұрғындары мен қонақтарды біздің алаңға келіп, Наурыздың шынайы мерекелік атмосферасын бірге сезінуге шақырамыз. Баршаңызды Наурыз мерекесімен құттықтаймыз!, – деді ол.

IMG 4497

QOFA және Freedom Holding Corp.  барлық қатысушыларға, еріктілерге, серіктестер мен қонақтарға шынайы алғысын білдіреді. 21 наурыз қуаныш пен шаттыққа толы, адамдарды жақындастырған ерекше күн болды. Мерекелік бағдарлама 22 наурыз күні сағат 10:00-ден 20:00-ге дейін жалғасады. Баршаңызды Наурыз думанына қосылуға шақырамыз!

Басқа жаңалықтар