FREEDOM – NAURYZ CUP 2026: Қарағандыда жас футболшылар додасы өтті
Қарағанды қаласында 20–22 наурыз аралығында өткен “FREEDOM – NAURYZ CUP 2026” шағын футбол турнирі өз мәресіне жетті.

Үш күнге созылған жарыс жас футболшылардың шеберлігін шыңдап, бұқаралық футболды дамытуға бағытталған маңызды спорттық алаңға айналды. Турнирдің негізгі мақсаты – Қарағанды облысында футболды кеңінен насихаттау, жас спортшылардың кәсіби деңгейін арттыру және салауатты өмір салтын қалыптастыру. Сонымен қатар, жарыс жасөспірімдер арасында футболға деген қызығушылықты арттырып, болашақ спорт резервін дайындауға серпін беруді көздеді.

Аталған дода “Freedom Balalar futbol ligasy” бастамасымен ұйымдастырылып, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы мен Қазақстанның әуесқой футбол лигасының қолдауымен өтті. Биылғы турнирге 2015–2016 және 2017–2018 жылдары туған жас футболшылар қатысып, 7х7 форматында бақ сынасты. Ойындар екі таймнан, әрқайсысы 15 минуттан өтті. Жарыс халықаралық талаптарға бейімделген ережелер бойынша жүргізілді.

Үш күндік дода барысында командалар жоғары деңгейдегі ойын өрнегін көрсетіп, тартысты кездесулер көрермендерге ерекше әсер сыйлады. Әрбір матчта жеңіске деген жігер мен командалық рух айқын байқалды.

Турнир жеңімпаздары:
2015–2016 ж.т. санаты:
I орын – Балқаш
II орын – Шахтёр 2016
III орын – Шахтёр 2017
Жеке марапаттар:
Үздік қақпашы – Әлижан Нұрбергенов (Балқаш)
Үздік қорғаушы – Әлім Кенбаев (Балқаш)
Үздік шабуылшы – Кирилл Попов (Шахтёр 2017)
Үздік сұрмерген – Илья Курилов (Шахтёр 2016)
Үздік ойыншы – Мансұр Мирас (Шахтёр 2016)

2017–2018 ж.т. санаты:
I орын – Шахтёр Девочки
II орын – ЖасStars
III орын – Балқаш
Жеке марапаттар:
Үздік қақпашы – Варвара Бубнова (Шахтёр Девочки)
Үздік қорғаушы – Рамазан Сайран (ЖасStars)
Үздік шабуылшы – Әл-Фараби Таирбергенов (Балқаш)
Үздік сұрмерген – Аянат Болатова (Шахтёр Девочки)
Үздік ойыншы – Альтаир Байбол (ЖасStars)

Жеңімпаздар мен жүлдегерлерге арнайы кубоктар мен медальдар табысталып, үздік ойыншыларға жеке номинациялар бойынша марапаттар берілді.“FREEDOM – NAURYZ CUP 2026” – жас футболшылар үшін тек жарыс емес, үлкен тәжірибе мектебі болды. Мұндай турнирлер өскелең ұрпақтың спортқа деген қызығушылығын арттырып қана қоймай, олардың кәсіби тұрғыда қалыптасуына жол ашады. Ұйымдастырушылар алдағы уақытта да балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған жобаларды жалғастыруды жоспарлап отыр.
Басқа жаңалықтар
ALGA! жобасы аясындағы алғашқы жолдастық ойындар
Мектеп футболын дамыту мақсатында 8 мектеп қатысты

ALGA! / Phygital Kids Fest
Футбол, цифрлық технологиялар, отбасылық қатысу және инклюзивті балалар спортына бағытталған іс-шара бір форматта біріктірілді.

Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді
QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы мектептерге Freedom Football Manager платформасын таныстырды

ALGA! мектеп футбол жобасының кезекті сабағы
Бірінші Теміртау классикалық лицейінде ALGA! мектеп футбол жобасы туралы пікірлер айтылды.
