«Para Football Bestival» аяқталды: Қарағанды командасына қолдау көрсетілді.
Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) «НОДА» командасына арнайы сертификат табыстады.

Қазақстан футбол федерациясының (ҚФФ) «Футбол үйінде» парафутболдан «Para Football Bestival» фестивалі өтті. Іс-шара ҚФФ-ның бастамасымен UEFA және бейімделген спортты дамытатын ұйымдардың қолдауымен ұйымдастырылды.

Турнир аяқталғаннан кейін QOFA «НОДА» командасына өз қолдауын білдірді. Ассоциация спортшыларға командаға арналған толық спорттық жабдықпен қамтамасыз етуге сертификат табыстады. Бұл алдағы жарыстарға сапалы дайындық жүргізуге мүмкіндік береді.
Мади Балтабаев, «НОДА» командасының ойыншысы:

«Жақында біз Астанаға Қазақстан чемпионатына барып қайттық. Басқа командалардың деңгейін көріп, шабыт алдық. Болашақта біз мықтырақ, тәжірибелірек боламыз деп ойлаймын және жүлделі 1-ші, 2-ші орындарға қол жеткіземіз деп сенемін».
Мади Балтабаев, «НОДА» командасының ойыншысы
Команданың менталды дайындық бойынша жаттықтырушысы Наталья Сухорукова да өз әсерімен бөлісті:

«Шынымды айтсам, біз өте ризамыз! Жігіттердің бұл сыйлыққа қалай қуанып, қалай әсерленгенін көремін. Оларға спорттық киім сыйлағандарыңызға қуаныштымын – бұл олар үшін өте маңызды, себебі оларды байқады. Футбол – бәріне арналған спорт. Бұл жігіттер – шексіз мүмкіндігі бар адамдар, олардың басты мақсаты – чемпион болу!»
Наталья Сухорукова, «НОДА» командасының менталды дайындық жаттықтырушысы
QOFA «НОДА» командасына алдағы турнирлерде де қолдау көрсетуді жалғастырады.
Басқа жаңалықтар
QOFA мен QJ League жобасы халықаралық MVP Awards сыйлығында жоғары бағаланды
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) мен Freedom QJ League бірлесіп өткізген әлеуметтік жоба халықаралық MVP Awards спорт сыйлығында жүлделі орынды иеленді.

«Адамға үйретуге болмайтын жалғыз нәрсе – ниет пен құлшыныс»
QJ League мен «Шахтер» футбол клубының медиа және маркетинг бөлімінің жетекшісі Антон Лысяк Қазақстанның спорт индустриясын өзгертетін жаңа буын мамандар туралы ой бөлісті.

QOFA ұжымы Наурыз мерекесін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов Ассоциация мүшелерінің мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлағанын атап өтті.

Қарағандылық «Шахтёр» клубының ойыншысы KPL гранд-финалының чемпионы атанды
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы Қазақстан тарихындағы жаңа цифрлық спорт кезеңінің куәсі болды. Мұнда еліміздегі тұңғыш ресми ұлттық киберфутбол лигасы — eKPL алғашқы маусымының гранд-финалы өтті.
