ҚОФА Нұрмақов мектебіне футбол инвентарларын тарту етті
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (ҚОФА) ALGA! жобасы аясында Нұрмақов атындағы мектепке арнайы футбол инвентарларын сыйлады. Жас спортшылардың сапалы жаттығуы үшін жаңа доптар, қақпалар және арнайы конустар табысталды.

Бұл бастама мектептегі бұқаралық футболды дамытуға үлкен септігін тигізбек. Өз кезегінде мектептің дене шынықтыру мұғалімі Ахат мырза қауымдастыққа ризашылығын білдірді.
"Жаңа инвентарлар балалардың спортқа деген ынтасын арттырып, жаттығу жұмыстарын жоғары деңгейде өткізуге көмектеседі.Енді алда болар жарыстарға тыңғылықты дайындықтар жүргізетін боламыз. Қолдау көрсеткен ҚОФА ұжымына алғысымыз шексіз."
Ахат Құстай бапкер
Бір ескеретіні 2022 жылдан бастап Нұрмақов мектебінің командасы БФЛ-да тұрақты түрде өнер көрсетіп келеді. Жеткен жетістіктеріде жаман емес. Қатарынан үш рет жазғы және қысқы маусымдарда күміспен күптеліп екінші орыннан көрінді. Тіпті, өткен жылы мектеп құрамасы Қырғызстанда өткен халықаралық жарыста сынға түскен болатын. Биылда тамыз айында Алатау баурайында өтетін жарысқа баруды жоспарлап отыр.

Жаңа оқу жылы қарсаңында ҚОФА Нұрмақов мектебімен арнайы мемарандумға қол қойып екі тарап бірлесе жұмыс жасауды жоспарлап отыр. Негізгі мақсат футбол арқылы балаларды білімге және қаламыздағы үздік мектептердің бірінде оқуға ынталандыру. Осылайша оқушылар үздік мектепке түсіп футболдағы карьерларында яғни, БФЛ дағы жарыстарын жалғастыра береді.

ҚОФА өңірдегі мектеп футболын дамыту бағытындағы жұмыстарын жүйелі түрде жалғастырып, жас футболшылардың жан-жақты дамуына қолдау көрсетуді кезең кезеңімен жүзеге асыра бермек.
Басқа жаңалықтар
QOFA не салып жатыр: академия, жабық манеждер және сегіз жаңа футбол алаңы
QOFA ұйымы Freedom компаниясымен және Қарағанды облысының әкімдігімен бірлесіп өңірдің футбол инфрақұрылымын дамытуда. 2029 жылға дейін жүзеге асырылатын жоба аясында 15 нысан салу жоспарланған.

Freedom QJ League All Star: Қазақстан құрамасы «Боруссия» Мёнхенгладбах командасын жеңді
Алматы қаласындағы «Хан-Тәңірі» стадионында өткен дәстүрлі Freedom QJ League All Star матчында QJ League жұлдыздар құрамасы Германияның «Боруссия» (Мёнхенгладбах) U-17 командасымен кездесті.

Freedom BFL: Қарағандыда балалар футболын нөлден қалай құрды
Бірнеше жыл ішінде BFL шағын балалар турнирінен аймақтағы ең үлкен футбол лигаларының біріне айналды. Жобаны нөлден бастап құрған және бүгінде Қарағандыда балалар футболының толыққанды жүйесін дамытып жатқан адамдардың сұхбаттары.

Қарағандыда ерекше жандар арасында футболдан облыстық турнир өтті
Биыл осымен бесінші рет жалауын көтерген «Special Olympics» бағдарламасы аясындағы бұл жарысқа аймақтың арнайы мектеп-интернаттарынан, коррекциялық және әлеуметтік мекемелерінен жиналған спортшылар қатысты.
