ALGA! жобасы: пилоттық маусымға қатысушы мектептермен танысайық
QOFA бастамасымен іске қосылған мектептік ALGA! жобасының алғашқы қатысушылары Қарағанды облысының он мектебі.

Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейі (Қарағанды)
2019 жылы ашылған жас білім ордасы бүгінде екі мыңға жуық оқушыны біріктіреді. Математикалық бағыттағы лицей спорттан да кенде емес: биыл 2011-2012 жылдары туылған жасөспірімдер Жеңіс күніне арналған турнирде жеңімпаз атанды.

№14 мектеп-гимназиясы (Қарағанды)
Бұл гимназияда мыңға жуық бала білім алады. Мұнда математикалық та, гуманитарлық та бағыт бар. Ең белгілі түлектердің бірі – бүгінде «Қайрат» жүйесінде өнер көрсетіп жүрген 15 жастағы Алижан Зару. Ол «Шахтерден» бастаған. Қазіргі Freedom QJ League U16 маусымында 13 ойында 7 гол соғып, 3 нәтижелі пас берген.

№19 жалпы орта білім беретін мектеп (Қарағанды)
Өткен жылы ашылған бұл жаңа мектепте екі мыңнан астам оқушы бар. Мектептің ұраны: «Қауіпсіз орта, ой еркіндігі, сапалы білім – жарқын болашақ». Барлық балалар бір ауысымда оқиды, түстен кейін қосымша сабақтар өтеді. Бастауыш сыныптарға бөлек блок салынған. Мектеп биыл өз алғашқы түлектерін үлкен өмірге шығарып салмақ.

№1 гимназия (Қарағанды)
1938 жылы ашылып, 2007 жылы гимназия мәртебесін алған. Мұнда 553 оқушы білім алады. Білім беру екі бағытта жүреді: физика-математика және гуманитарлық.

№27 жалпы орта білім беретін мектеп (Қарағанды)
1973 жылы құрылған. Қазіргі таңда 950 бала қазақ және орыс тілдерінде оқиды. Ерекше назарды жеке қолдауды қажет ететін балаларға бөледі: мұнда 5 инклюзивті сынып бар.

№15 жалпы орта білім беретін мектеп (Қарағанды)
1982 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда 1 180 оқушы білім алады. Жоғарғы сыныптарда математика және гуманитарлық бағыттағы бейіндік оқыту бар. Мектептің танымал түлектері қатарында футболшылар Владислав Васильев, Богдан Савкив пен Наталья Гисс бар.

№17 мектеп-гимназиясы (Сарань)
1967 жылы салынған. 2019 жылдан бастап гимназия мәртебесін иеленді. 920 оқушысы бар. Биыл мектеп алғаш рет 5-6 және 7-8 сыныптар арасында өткен Ұлттық мектеп лигасының қалалық кезеңінде жеңіске жетті. Оқушылар география мен робототехника бойынша олимпиадаларда да табысқа жетуде. Бұл – Саранда халықаралық деңгейде жеңімпаз атанған жалғыз мектеп.

Бірінші Теміртау классикалық лицейі (Теміртау)
Физика-математикалық бағыттағы лицейде 500 оқушы білім алуда. Мектеп қалалық және облыстық жарыстарда тұрақты түрде жоғары нәтиже көрсетеді. Мектеп түлегі – қазір «Елімай» сапында өнер көрсетіп жүрген Қазақстан құрамасының шабуылшысы Иван Свиридов.

Үштөбе тірек мектебі (Үштөбе)
1968 жылдан бері жұмыс істеп келеді. Мұнда 780 бала қазақ және орыс тілдерінде оқиды. Аграрлық, педагогикалық және медициналық бағыттағы сыныптар бар. Соңғы жылдары бұл мектептен 35-тен астам түлек дәрігер атанды. «Болашақ» бағдарламасымен оқып, PhD қорғағандар да бар. Түлектері арасында облыстық, республикалық және халықаралық жарыстарда жеңіске жеткен боксшылар бар. Мектепте STEM, робототехника кабинеттері, дрондар, камералар бар. Жас мамандардан құралған мұғалімдер құрамы режиссура, шахмат және басқа үйірмелерді жүргізуде.

Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясы (Абай)
Гуманитарлық бағыттағы мектепте 563 оқушы бар. Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі – 2025 жылғы әуесқой футбол лигасының чемпионы, 2022 және 2024 жылдары күміс жүлдегер, ал 2018 жылы Ұлттық студенттік лигада екінші орын алған. Мектеп түлектері қатарында боксшы Абылайхан Жүсіпов, футболшы Әбілқайырхан Бекасилов, дойбыдан Аяулым Алтынхан, қазақ күресінен Төлеген Досмырзаев пен Тілеуқабыл Шәріп, сондай-ақ футболшы Мади Құдайберген бар.

Бұл оқу жылы ALGA! жобасы үшін тек пилоттық кезең ғана. 2029 жылға дейін QOFA Қарағанды облысының 100-ден астам мектебі мен балабақшасын қамтып, 40 мыңнан астам баланы футболға тартуды мақсат етіп отыр.

Басқа жаңалықтар
Қарағанды Кубогының жеңімпазы – СК «Тау»
Теміртаулық клуб финалда жерлестері «Асан» футбол клубының ойыншыларын сенімді түрде жеңіп шықты
Артем Кучин: «Футболшыларды ойын ережелеріне үйрету арқылы біз оларды тәртіпке шақырамыз»
Осы аптада Теміртау қаласында жас футболшыларға арналған футбол ережелері бойынша семинар өтті.
«Абай» ФК – Қазақстан әуесқой лигасының финалында Қарағанды облысының намысын қорғайды
Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) облыс атынан Қазақстан чемпионатына қатысатын «Абай» футбол клубының сапарына қаржылай қолдау көрсетеді.