О.В. Миляевты еске алуға арналған республикалық турнир аяқталды
Саранда өткен республикалық турнирге 2013 жылы туған жасөспірімдерден құралған 12 команда қатысты.

Аталған жарыс спорт саласында 40 жылға жуық еңбек етіп, өңірдегі футболдың дамуына зор үлес қосқан Олег Викторович Миляевты еске алуға арналды. Ол – жасөспірімдер футболын жүйелі түрде дамытуға атсалысып, талай буын спортшының қалыптасуына жол ашқан тәжірибелі бапкер. Бүгінде оның еңбегі мен мұрасы осындай турнирлер арқылы жалғасын тауып келеді. Бәсеке ол өзі жұмыс істеген Саран қаласында өтті.

Қатысушылар алғашқы кезеңде үш топқа бөлінді.
А тобы:
«Саран», «Жастар Теміртау», «Абай», «ФЦВА»
В тобы:
«Ақсу», «Спарта Теміртау», «Кайрат F», «Шахан»
С тобы:
«Шахтёр», «Скаут», «ДЮСШ Пришахтинск», «СДЮШОР Теміртау»
Топтық кезең қорытындысы бойынша жартылай финалға әр топтың жеңімпаздары — «Саран», «Скаут», «Ақсу» командалары өтті. Оған қоса екінші орын алған командалар арасындағы үздік көрсеткішке ие «Шахтёр» жолдама алды.
Жартылай финалдағы кездесулер де тартысты өтті. «Скаут» пен «Саран» арасындағы матч 1:1 есебімен тең аяқталып, пенальти сериясында «Скаут» жеңіске жетті. Екінші жартылай финалда «Шахтёр» «Ақсу» командасын 6:2 есебімен ұтып, финалға шықты.
Үшінші орын үшін өткен ойында «Саран» командасы Павлодар облысының «Ақсу» ұжымын 3:2 есебімен жеңіп, қола жүлдегер атанды.
Ал финалда «Скаут» командасы «Шахтёрды» 4:1 есебімен айқын басымдықпен ұтып, турнир жеңімпазы атанды.

Турнир қорытындысы бойынша үздік ойыншылар да арнайы марапатталды:
Омаров Ерасыл («Скаут») — үздік сұрмерген
Марданов Эмиль («Шахтёр») — үздік шабуылшы
Зарипов Давид («Сарань») — үздік қорғаушы
Матвеев Андрей («Скаут») — үздік жартылай қорғаушы
Сулейменов Адиль («Сарань») — турнирдің үздік ойыншысы
Булантаев Диас («Ақсу») — үздік қақпашы
Жарыстың өтуіне QOFA мен оның демеушісі Freedom компаниясы қолдау білдіріп, жүлде қоры мен марапаттық атрибутикасын ұсынды. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер кубок, медаль және арнайы естелік сыйлықтармен марапатталды.
Басқа жаңалықтар
Қарағанды облысы кубогы 2026: «Дорожник» пенальти сериясында жеңіске жетіп, чемпион атанды
Биылғы додаға облыстың әр өңірінен 14 команда қатысып, Теміртау, Абай, Саран, Бұқар жырау, Осакаровка, Шет және Қарағанды қалаларының ұжымдары өзара мықтыны анықтады.

Қарағанды облысы Кубогының U-16 жасөспірімдер арасындағы финалы аяқталды
Абай мен Теміртаудың «СДЮСШОР-2» командасы 2003 жылғы Чемпиондар лигасының финалын еске салған тартысты ойын көрсетті.

Қарағандыда Freedom Balalar Football League қысқы маусымын қорытындылады
Мыңдаған баланы біріктірген, бәсекелі ойындар мен ерекше эмоцияларға толы маусым ауқымды мерекемен аяқталды.

Теміртауда Қарағанды облысының Кубогы басталды
Бұл турнир өңірдегі үлкен футбол маусымының шымылдығын ашып, плей-офф форматында өтуде. Кубоктың шешуші кезеңдері YouTube платформасында жарияланып отырады.
