«QOFA серіктестері: Жобалардың табысты дамуына серпін беретін күш»
QOFA түрлі жобалар аясында әлеуметтік, мәдени және спорттық бастамаларды жүзеге асыруда бірқатар серіктес ұйымдармен тығыз жұмыс істейді.

Әрбір серіктестік нақты бағыттарға негізделіп, жобалардың мазмұнын байытып, ауқымын кеңейтуге мүмкіндік береді. Бұл өзара байланыс қатысушыларға сапалы жағдай жасап қана қоймай, қоғамдағы маңызды бастамаларды жүйелі түрде дамытуға ықпал етеді. Серіктес ұйымдар QOFA жобаларының әр кезеңіне өз үлесін қосып, инфрақұрылымдық, әлеуметтік және ұйымдастырушылық қолдау көрсетеді. Нәтижесінде әрбір жоба мазмұнды, қолжетімді және тиімді форматта жүзеге асырылады..

Natige — сүт өнімдерін өндіретін фабрика. Компания сүтті өңдеп, күнделікті тұтынуға арналған өнімдердің біршама түрін шығарады. Ынтымақтастық жоба қатысушыларын сапалы өніммен қамтамасыз етуге және әлеуметтік, спорттық бастамаларды қолдауға бағытталған.

Qasym Kitap — кітап дүкені және баспа қызметін ұсынатын ұйым. Компания кітап сатумен және полиграфиялық қызмет көрсетумен айналысады. Серіктестік білім беру бастамаларын қолдауға және мәдени–әлеуметтік жобаларды дамытуға бағытталған.

«Хрустальды су» — ауыз су жеткізумен айналысатын компания. Ұйым тұрғындарды сапалы, таза сумен қамтамасыз етеді. Ынтымақтастық іс-шара қатысушыларын ауыз сумен қамтамасыз етуге және қолайлы жағдай жасауға бағытталған.

Hani — кондитерлік өнімдер мен сусындар ұсынатын кофехана. Компания қоғамдық тамақтану саласында қызмет көрсетеді. Ынтымақтастық іс-шара қатысушыларына қосымша тағам ұсынып, жайлы атмосфера қалыптастыруға бағытталған.

Dodo Pizza — қоғамдық тамақтану саласында жұмыс істейтін пиццериялар желісі. Компания дайын тағамдарды әзірлеу және жеткізумен айналысады. Ынтымақтастық іс-шара қатысушыларын тамақтандыру және қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Life Football — футболға арналған спорттық тауарлар дүкені. Компания спорттық киімдер мен жабдықтар сатумен айналысады. Серіктестік қатысушыларды қажетті құрал-жабдықпен қамтамасыз етуге және спорт инфрақұрылымын дамытуға бағытталған.

Biosfera — дәріханалар желісі, денсаулыққа арналған тауарлар мен дәрілік заттарды сатумен айналысады. Компания медициналық өнімдерге қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Серіктестік қатысушылардың денсаулығын сақтау және спорттық іс-шараларды қолдауға бағытталған.
QOFA үшін серіктестік — бұл өзара қолдау мен ортақ мақсаттарға жетудің маңызды құралы. Әрбір ұйым жобалардың сапалы жүзеге асуына үлес қосып, қоғамға пайдалы бастамалардың дамуына ықпал етеді.
Басқа жаңалықтар
Қарағандылық «Шахтёр» клубының ойыншысы KPL гранд-финалының чемпионы атанды
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы Қазақстан тарихындағы жаңа цифрлық спорт кезеңінің куәсі болды. Мұнда еліміздегі тұңғыш ресми ұлттық киберфутбол лигасы — eKPL алғашқы маусымының гранд-финалы өтті.

Freedom QJ League семинары: жаңа маусымға дайындық алаңы
Қазақстандағы жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған Freedom QJ League аясында арнайы семинар өтті.

Елордада QJ League жаңа маусымының шымылдығы ашылды
Астанада Freedom QJ League-тің жаңа маусымына арналған ресми ашылу рәсімі өтті.

«Шахтёр» жаңа кезеңге қадам басты
Қарағандыда “Шахтёр” футбол клубының биылғы маусымына арналған ресми таныстырылымы өтті.