Саран қаласында Қарағанды облысының футболдан біріншілігі өз мәресіне жетті
19 сәуір мен 27 қыркүйек аралығында Саран қаласының футбол алаңдарында өңірдің түкпір-түкпірінен келген 50 команда үздіктер атағы үшін бақ сынады.

Бірнеше ай бойы Саран қаласында өткен Қарағанды облысының футболдан біріншілігі биылғы жылдың ең ауқымды спорттық оқиғаларының біріне айналды. Жарысқа 2011–2012, 2013–2014 және 2015–2016 жылдары туған үш жас санатындағы 50 команда қатысты.

Жарыс барысында жас футболшылар жоғары дайындық деңгейін көрсетті. Әртүрлі дивизиондарда жеңімпаз және жүлдегер атанғандар қатарында «Шахтёр», «Скаут», «СДЮШОР», «Металлург», «Барс» және басқа да командалардың тәрбиеленушілері. Медальдар мен кубоктардан бөлек, әр жас санатындағы ең үздік қақпашылар, қорғаушылар, жартылай қорғаушылар мен шабуылшылар марапаттарға ие болды.

Ұйымдастырушылар ойындарды әділ және тартысты өткізуге үлес қосқан төрешілердің еңбегін ерекше атап өтті.

Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының басқарушы директоры Николай Бублинский маусымның аяқталуымен спортшыларды құттықтап, оларға табыс тіледі

«Футболды сүйіңдер, футбол ойнаңдар»
Николай Бублинский, Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының басқарушы директоры
Саран қаласындағы біріншілік нағыз футбол мерекесіне айналып, өңірдегі балалар мен жасөспірімдер спортының қарқынды дамып келе жатқанын дәлелдеді. Бұл турнир жаңа буын ойыншыларын үлкен жеңістерге шабыттандырды.
Басқа жаңалықтар
15 наурызда республикалық референдум бойынша дауыс беру өтеді
Қазақстан Республикасы азаматтары жалпыұлттық дауыс беруге қатысады

Қарағандыда Арлан Туркеновты қолдауға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Қала тұрғындары емге қаражат жинауға белсене атсалысты

QOFA Виктор Иванович Бобровтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтады
Ар-намысы биік, өмірін қарағандылық футболға арнаған тұлға

«Шахтёр» ФК ойыншылары балалар футболының болашағы туралы
Клуб ойыншылары ерте даярлық пен жарыс тәжірибесінің жас футболшылар үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтті
