Қарағандыда облыстық футбол біріншілігінің қорытындысы айқындалды
«Қазақстан әуесқой лигасы» жобасы өңірдің командаларын біріктірді

Қарағандыда 2025 жылғы облыстық футбол біріншілігінің жеңімпаздары мен жүлдегерлерін марапаттау салтанаты өтті. Турнир Қазақстан футбол федерациясының қолдауымен, бүгінде бүкіл Қазақстан бойынша 6 мыңға жуық қатысушыны қамтып отырған «Қазақстан әуесқой лигасы» жобасы аясында ұйымдастырылды.
Салтанатты шарада Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Серік Сәпиев сөз сөйледі

«Футбол — бұл тек ойын ғана емес, үлкен өмір мектебі. Бүгінгі таңда мыңдаған балалар мен ересектер «Қазақстан әуесқой лигасы» жобасына қатысып отыр. Енді футбол Қарағанды облысында Freedom Holding Corp. компаниясының және Қарағанды облыстық футбол ассоциациясын басқарған Тимур Турловтың қолдауы арқылы одан да қарқынды әрі ауқымды түрде дамиды деп сенемін. Бұл жас ұрпаққа және жалпы өңірге жаңа мүмкіндіктер ашады»
Серік Сәпиев, Дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
Номинациялар бойынша үздіктер:
Үздік команда жетекшісі – Сапар Ибкеев («Горняк» ФК, Шахтинск қ.)
Ең тәжірибелі ойыншы – Ардак Дукеев («Дорожник», Бұқар жырау ауданы)
Ең жас ойыншы – Вадим Горелов («Сарань-Торпедо» ФК, Саран қ.)
Үздік қақпашы – Иван Карпец («Асан» ФК, Теміртау қ.)
Үздік қорғаушы – Руслан Мухаяров («Тау» СК, Теміртау қ.)
Үздік жартылай қорғаушы – Алдияр Алтынхан («Асан» ФК, Теміртау қ.)
Үздік шабуылшы – Владимир Коровицын («Сарань-Торпедо» ФК, Саран қ.)
Үздік сұрмерген – Кирилл Верхотуров («Абай» ФК, Абай қ.)
Біріншіліктің үздік ойыншысы – Максим Казанин («Абай» ФК, Абай қ.)
Үздік төреші – Артём Кучин
Ең тәртіпті команда – «Сарань-Торпедо» ФК (Саран қ.)

Біріншіліктің жүлдегерлері мен жеңімпазы:
🥉 «Сарань-Торпедо» ФК (Саран қ.) — үшінші орын
🥈 «Асан» ФК (Теміртау қ.) — екінші орын
🥇 «Абай» ФК (Абай қ.) — бірінші орын және облыстық біріншіліктің ауыспалы Кубогының иегері

Марапаттау салтанаты Кубокты табыстаумен және қатысушылар мен қонақтардың естелік суретке түсуімен аяқталды. Бұл — өңірдегі футболдың бірлігі мен болашақтағы дамуының айқын белгісі болды.
Басқа жаңалықтар
Қарағандыда инклюзивті матч өтті
«Astana UNI» және «НОДА» командалары аймақтық адаптивті футбол бағдарламасы аясында жолдастық кездесу өткізді.

«НОДА» командасына жаңа спорттық форма табысталды
Команда парафутбол турнирлеріне қатысуды жалғастырып, алдағы ойындарға дайындалып жатыр

Владимир Асылбаевты еске алуға арналған ашық қалалық турнирі
Турнир биыл да өз дәстүрін сақтап, маңыздылығын және жоғары спорттық деңгейін айқын көрсетті

QOFA Серік Сәрсембайұлы Бердалиннің қазасына байланысты көңіл айтады
Қазақ футболына өлшеусіз еңбек сіңірген ұлағатты ұстаздың жарқын бейнесі әрдайым ел жадында сақталады
