QOFA мен QJ League жобасы халықаралық MVP Awards сыйлығында жоғары бағаланды
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) мен Freedom QJ League бірлесіп өткізген әлеуметтік жоба халықаралық MVP Awards спорт сыйлығында жүлделі орынды иеленді.

Биыл бұл беделді байқауға 300-ден астам үміткер қатысып, соның ішінен ең үздік деп танылғандары ғана финалға өткен болатын. Осындай үлкен бәсекеде қауымдастықтың бастамасы халықаралық сарапшылар тарапынан лайықты бағасын алды. Айта кету керек, QOFA ның ALGA! x Phygital Kids Fest қайырымдылық фестивалі «Бюджеті 1 млн рубльге дейінгі үздік әлеуметтік жоба» номинациясында екінші орынды иеленді.

Еске салсақ, өткен жылдың соңында Қарағандыда ұйымдастырылған бұл шара нағыз футбол мен киберспортты (PlayStation) біріктірген аймақтағы бірегей форматқа айналды. Ауқымды шара екі бөлімнен тұрды:
Бірінші бөлімде — QOFA аясында аймақта сәтті жүзеге асырылып жатқан ALGA! жобасына қатысушы мектептердің оқушылары мен олардың ата-аналары бақ сынады.
Екінші бөлімде — фестивальге Қарағанды қаласындағы балалар үйлерінің тәрбиеленушілері мен ерекше қажеттіліктері бар балалар қосылды.
Шараға жалпы саны 150-ден астам бала қамтылды. Фестивальдің басты ерекшелігі — ол тек бір күндік мерекемен шектелген жоқ. Жоба аясында өңірдегі балалар үйлеріне PlayStation 5 консольдері табысталды. Балалар қыс бойы виртуалды спортты меңгерсе, жазда оларды нағыз футбол алаңында жаттықтыру көзделген. Жобаның осындай инклюзивті сипаты мен жүйелілігі халықаралық қазылар алқасының жоғары баға алуына негіз болды.

Марапаттау рәсімінде QOFA-ның бас серіктесі Freedom QJ League өзінің өзге де жобалары бойынша үздіктер қатарынан көрінді:
1-орын: «Үздік мерч, атрибутика жиынтығы» (Дизайнерлер арасындағы ашық байқау және оның жеңімпазы, қостанайлық Жүрсін Әуезханның дизайнымен шыққан мадридтік «Атлетикоға» қарсы матчтың лимиттелген топтамасы үшін). Осы сәтті кейстен кейін жас маман қарағандылық «Шахтер» клубының графикалық дизайнері болып жұмысқа орналасты. 2-орын «Жас аудиториямен жұмыс істеудегі үздік жоба». 2-орын: «Инновациялық технологияларды үздік қолдану».
«Бұл марапаттар — кездейсоқ табыс емес, атқарылған жүйелі жұмыстың көрсеткіші. Биыл бәсекелестік өте жоғары болды. Қатысушылар қатарында ресейлік «Спартак», «Зенит», хоккейлік «Динамо» (Минск), «Трактор», «Авангард» сияқты ірі клубтар мен медиа алыптар болды. Осындай ірі жобалардың арасында біздің бірлескен бастамаларымыз Қазақстан намысын лайықты қорғап шықты»
Freedom QJ League атқарушы директорының орынбасары Юрий Воропаев.

MVP Awards сыйлығы 2017 жылы халықаралық спорттық маркетинг конференциясы (MARSPO) аясында негізделген. Ол спорт индустриясындағы ең тиімді әрі креативті менеджмент шешімдерін анықтайтын беделді халықаралық алаңдардың бірі болып саналады.
Басқа жаңалықтар
«Адамға үйретуге болмайтын жалғыз нәрсе – ниет пен құлшыныс»
QJ League мен «Шахтер» футбол клубының медиа және маркетинг бөлімінің жетекшісі Антон Лысяк Қазақстанның спорт индустриясын өзгертетін жаңа буын мамандар туралы ой бөлісті.

QOFA ұжымы Наурыз мерекесін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов Ассоциация мүшелерінің мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлағанын атап өтті.

Қарағандылық «Шахтёр» клубының ойыншысы KPL гранд-финалының чемпионы атанды
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы Қазақстан тарихындағы жаңа цифрлық спорт кезеңінің куәсі болды. Мұнда еліміздегі тұңғыш ресми ұлттық киберфутбол лигасы — eKPL алғашқы маусымының гранд-финалы өтті.

Freedom QJ League семинары: жаңа маусымға дайындық алаңы
Қазақстандағы жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған Freedom QJ League аясында арнайы семинар өтті.
