ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Әлеуметтік жобалар

Phygital: ерекше балалар үшін жаңа мүмкіндік

Қарағанды облысында phygital бағытындағы жобалар біртіндеп дамып келеді. Дәстүрлі футбол мен киберфутболды біріктіретін бұл формат бүгінде балалар мен жасөспірімдерге арналған маңызды әлеуметтік әрі спорттық бастамаға айналды.

Phygital: ерекше балалар үшін жаңа мүмкіндік

Бұл жолы заманауи приставкалар «Ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды қолдау орталығына» берілді. Орталықта ойын құрылғылары болғанымен, олар ескірген. Сондықтан QOFA балалардың бос уақытын қызықты әрі заманауи форматта өткізуіне жағдай жасау үшін жаңа  Sony PlayStation 5 құрылғыларын табыстады.

Орталық директоры Данекер Сейсекина мұндай бастамалардың балалар үшін аса маңызды екенін айтты:

Біздің орталықта ерекше балалар тәрбиеленіп жатыр. Phygital форматтағы ойындарға қатысу олардың дамуына үлкен серпін береді. Біз балалардың өзін-өзі бағалауы артып, өздеріне деген сенімі күшейіп, өзін дамытуға деген ынтасы оянғанын байқап жүрміз. Жарыстарға қатысу барысында балалардың бойында оң өзгерістер байқалды: олар бір-бірімен белсендірек араласатын болды. Бұл тек ойын барысында емес, күнделікті мінез-құлқынан да байқалады. Олар бір-біріне қолдау көрсетіп, ортақ мақсатқа бірге ұмтылуды үйреніп келеді.

DSC04585

Бұл жоба аясында PlayStation сыйланған бесінші әлеуметтік мекеме.Осы бағыттағы алғашқы ауқымды қадам ALGA KIDS FEST жобасы аясында қолға алынған болатын. Былтыр желтоқсан айында өткен жоба әлеуметтік мекемелердегі балаларға қолдау көрсетуге бағытталып, жаңа жыл қарсаңында 4 орталыққа PlayStation 5 ойын құрылғылары сыйға тартылды: №4 және №6 мектеп-интернаттары, «Әсем» және «Таңшолпан» балалар үйлері. 

DSC04595

Қазір жоба толыққанды даму үстінде. Phygital Киберлигаға  ақпан айында ресми түрде басталып, балалар үйлері мен арнайы әлеуметтік мекемелердің тәрбиеленушілері қатысты. Қыс мезгілінде балалар PlayStation арқылы киберфутбол ойнаса, жылы маусымда жасыл алаңда шынайы футбол ойнайды. Осылайша Phygital форматы арқылы спорт мәдениеті мен командалық рухты дамытады.

Қазіргі таңда жоба тұрақты даму үстінде: маусым айында Phygital Киберлигасының үлкен гранд-финалы өтеді. Болашақта өңірлік турнирлер ұйымдастырылып, балалар кәсіби жаттықтырушылармен жүйелі түрде жұмыс істеуді жалғастырады. 

Басқа жаңалықтар