ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Ассоциациясы

Жеке клубтар мен «Шахтёр»: жас футболшыларды дамытудағы ортақ бағыт

Қарағандыда балалар мен жасөспірімдер футболындағы ынтымақтастық мәселелері қаралды

Жеке клубтар мен «Шахтёр»: жас футболшыларды дамытудағы ортақ бағыт

Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) «Шахтёр» футбол клубымен бірлесіп Қарағанды облысындағы жеке футбол клубтарының басшылары мен жаттықтырушыларына арналған жұмыс кездесуін өткізді. Кездесудің басты мақсаты – тиімді коммуникация орнату және өңірде ойыншыларды дамытуға арналған ортақ тәсілді қалыптастыру болды.

IMG 9757

Кездесуге Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) өкілдері, жеке футбол мектептерінің басшылары мен «Шахтёр» футбол клубының жетекшілігі қатысты. Талқылау барысында клубтар арасындағы өзара байланыс, ақпарат алмасу және ойыншыларды даярлау жүйесінің қазіргі жағдайы сөз болды.

IMG 9755

Қатысушылар қазіргі жұмыс форматтарын, ойыншыларды даярлауда жеке мектептердің рөлін, сондай-ақ кәсіби клубпен өзара байланысты күшейту мүмкіндіктерін талқылады. Ашық пікір алмасу барлық кезеңде жұмысты үйлестіруге және өзара іс-қимылдың түсінікті тетіктерін қалыптастыруға көмектесетіні атап өтілді.

Whatsapp Image 2026 01 12 At 21.27.31

«Біздің ортақ мақсатымыз – балаларды дамыту. Жеке клубтар мен “Шахтёр” футбол клубы ойыншыларды іріктеу және даярлаумен айналысады. Бірлесіп, үйлесімді жұмыс істесек, дайындықтың сапасы да арта түседі. Ең бастысы – бірде-бір дарынды баланың назардан тыс қалмауы, ал ол үшін тұрақты әрі түсінікті коммуникация қажет»

Сергей Якушин, «Шахтёр» ФК Академиясының жетекшісі

Жиын барысында балалар мен жасөспірімдер футболындағы қазіргі үдерістер талқыланып, өзара іс-қимылдың негізгі бағыттары айқындалды. Сонымен қатар, мұндай кездесулерді тұрақты түрде өткізу маңызды екені айтылып, ортақ мәселелерді бірге талқылап, бір бағытта жұмыс істеу қажеттігі атап өтілді.

Whatsapp Image 2026 01 12 At 10.44.24

«Мұндай кездесулердің маңызы зор. Жаттықтырушылар мен жеке мектептердің басшылары жиі бас қосып, өңір футболының қай бағытта дамып жатқанын түсінуі керек. Барлығымыздың мақсатымыз – балалардың дамуы мен олардың алдағы өсуі. Кездесу барысында жаттықтырушылардың қазақ тілінің базалық деңгейін білуі мәселесін де қозғадық. Бұл балалармен қарым-қатынасты жеңілдетіп, жаттығу үдерісін барынша қолайлы етеді».

Нурлан Жаметов, ЖасStars футбол клубының жетекшісі

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар диалогты жалғастыруға дайын екендерін білдіріп, осындай жұмыс кездесулерін алдағы уақытта да тұрақты түрде өткізуді жоспарлады. Мұндай формат өңірде балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға қатысты көзқарастарды үйлестіруге мүмкіндік береді.

IMG 9777

Басқа жаңалықтар