QOFA жобалары «Жасыл толқын» эфирінде
«Жаңа FM» радиосындағы «Жасыл толқын» эфирінде QOFA ұйымының әлеуметтік жобалар бөлімінің жетекшісі Данияр Кәрібаев қонақ болды.

Эфир барысында ол ALGA! жобасының жастарға беретін нақты мүмкіндіктері мен қолдау бағыттарын кеңінен таныстырды.
Сондай-ақ, студенттерге арналған BASTA! бағдарламасының ерекшеліктеріне тоқталып, бұл бастаманың жас мамандарға тәжірибе жинауға жол ашатынын атап өтті. Ал мурал эскиздер байқауы шығармашылыққа бейім жастар үшін өз идеясын жүзеге асыруға мүмкіндік беретін маңызды алаң ретінде ұсынылды.
Басқа жаңалықтар
QOFA өкілдері Қарағандыдағы жаңа экосаябақты көркейтуге атсалысты
Қарағанды қаласында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында ауқымды көгалдандыру акциясы өтті.

Phygital: ерекше балалар үшін жаңа мүмкіндік
Қарағанды облысында phygital бағытындағы жобалар біртіндеп дамып келеді. Дәстүрлі футбол мен киберфутболды біріктіретін бұл формат бүгінде балалар мен жасөспірімдерге арналған маңызды әлеуметтік әрі спорттық бастамаға айналды.

QOFA Қарағанды студенттеріне BASTA! жобасын таныстырды!
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) Қарағандыдағы жетекші оқу орындарының студенттерімен бірқатар кездесулер өткізіп, спорттық менеджмент саласындағы тағылымдама бағдарламасы — BASTA! жаңа жобасын ұсынды.

Жасымас жігер жеңіске жетелейді
Қарағандыда ерекше футзал командасы бар. «Пантера»– есту қабілеті шектеулі жігіттерден құралған ұжым. Олар үшін футбол – тек ойын емес, өздерін дәлелдеудің бір жолы.
