Ескі залдан — шабыт алаңына: ALGA! жобасы балалар спортына жаңа серпін сыйлады.
Қарағандыда ALGA! жобасы аясында белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейіне ерекше сый жасалды.

QOFA мен Freedom Holding Corp қолдауымен білім ордасының спорт залы толық жаңарып, заманауи әрі көркем кеңістікке айналды.Бұл таңдау кездейсоқ емес. Үшінші оқу тоқсанының қорытындысы бойынша аталған лицей ALGA! жобасында үздік нәтиже көрсеткен. Мұғалімдер мен оқушылардың жоғары белсенділігі мен шынайы қызығушылығы қосымша қолдауға негіз болды

Жүргізілген жөндеу жұмыстары барысында спорт зал түбегейлі өзгертілді. Қабырғалар тегістеліп, жаңадан боялды, барлық қажетті жабдықтар жаңартылды. Ең бастысы — кәсіби суретшілер ALGA! жобасының басты кейіпкерлері – балалар бейнесін қабырғаға ерекше стильде бейнелеп, залға жаңа тыныс сыйлады. Нәтижесінде ол заманауи, эстетикалық және жайлы ортаға айналған. QOFA мен Freedom Holding Corp. жөндеуге кеткен бар шығынды толықтай өз мойнына алды. Мектеп директорының айтуынша, жаңарған спорт зал балаларды бірден баурап алған. Оқушылар мұнда асыға келіп, ерекше безендірілген сыныпта уақыт өткізуді ұнатады.

Бүгінде бұл зал тек дене шынықтыру сабағы өтетін орын ғана емес, балалардың сүйікті алаңына айналған. Мұнда олар шахмат, дойбы секілді зияткерлік ойындар ойнап, бос уақыттарын тиімді өткізеді. Жоба басталғалы бері балалардың спортқа ынтасы өсіп, әртүрлі ойындар мен жаттығуларға белсенді қатысуы — соның айқын дәлелі.
мектеп директоры Жаңагүл Түсжанова

QOFA алдағы уақытта да балалар футболын дамытуға үлес қосып, ALGA! жобасына қатысқан білім беру мекемелеріне жүйелі түрде қолдау көрсетуді жалғастырады. Осындай бастамалар арқылы мыңдаған қарағандылық бала спортты серік етіп, салауатты өмір салтын таңдауға мүмкіндік алып отыр.
Басқа жаңалықтар
ALGA! жобасының түлектері үлкен футболдағы алғашқы қадамдарын жасады
Әлімхан Ермеков атындағы кубоктың жеңімпазы атанған №19 жалпы білім беретін мектептің оқушылары ALGA! жобасының арқасында жаңа белестерді бағындыруды жалғастыруда.

ALGA! жобасының оқушылары республикалық футбол турниріне қатысты
Қарағанды қаласындағы №19 мектептің оқушылары 1–5 маусым аралығында Астанада өткен «Балдаурен» республикалық футбол турниріне қатысты.

XXV қалалық «Жаңа буын» футбол турнирі өз мәресіне жетті
Қарағанды қаласындағы Назарбаев Зияткерлік мектебінде өткен жарысқа өңірдің 21 мектебінен 2011–2012 жылы туған жасөспірімдер командалары қатысты.

Қарағандыда оқушылар арасында алғашқы ALGA! футбол турнирі өтті
Жарыс Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейінде ұйымдастырылып, оған ALGA! жобасына қатысушы мектептердің 3–4 сынып оқушыларынан құралған 8 команда қатысты.
