Республика күнімен, Қазақстан!
Бүгін еліміз үшін айрықша мереке — Республика күні!

Бұл күн – тәуелсіздік пен бірліктің, еркіндік пен елдіктің символы.Біз еліміздің бай тарихын, оның жетістіктері мен еңсерілген қиындықтарын мақтанышпен, құрметпен еске аламыз. Қазіргі Қазақстанның құрылысы-әрбір азаматтың еңбегі мен күш-жігерінің нәтижесі, әрбір ұрпақтың үлесі.
Мереке қарсаңында ALGA! мектеп футбол жобасындағы №15 мектеп оқушылары барша қазақстандықтарды Республика күнімен құттықтады!

«Республика күнімен, достар!»
Әмин Берікбай, 2 "А" сынып оқушысы

«Пусть наш Казахстан будет счастливым!»
Алдияр Адибеков, 2 "Б" сынып оқушысы

«Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын!»
Альтаир Рымбаев, 2 "А" сынып оқушысы

«Республика күні құтты болсын!»
Аруна Орынтай, 2 "А" сынып оқушысы

«Мама, папа — мереке құтты болсын!»
Есения Финонченко, 2 "Б" сынып оқушысы

«Қазақстан, Алға! Біз Отанымызды жақсы көреміз!»
Юлия Майнкова, 2 "Б" сынып оқушысы
Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы (QOFA) баршаңызды мереке күнімен құттықтап, жұмыстарыңызға табыс тілейді!
Басқа жаңалықтар
15 наурызда республикалық референдум бойынша дауыс беру өтеді
Қазақстан Республикасы азаматтары жалпыұлттық дауыс беруге қатысады

Қарағандыда Арлан Туркеновты қолдауға арналған қайырымдылық жәрмеңкесі өтті
Қала тұрғындары емге қаражат жинауға белсене атсалысты

QOFA Виктор Иванович Бобровтың өмірден өтуіне байланысты көңіл айтады
Ар-намысы биік, өмірін қарағандылық футболға арнаған тұлға

«Шахтёр» ФК ойыншылары балалар футболының болашағы туралы
Клуб ойыншылары ерте даярлық пен жарыс тәжірибесінің жас футболшылар үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтті
