Саранда шағын футболдан қысқы біріншілік мәресіне жетті
Саран қаласында 2025–2026 жылғы маусымдағы Қарағанды облысының шағын футболдан қысқы біріншілігінің салтанатты жабылу рәсімі өтті.

Қараша айынан наурызға дейін жалғасқан турнир 4 жас ерекшелігі бойынша 40 команданы біріктіріп, өңірдегі балалар мен жасөспірімдер футболын дамытуға арналған ең ірі алаңдардың біріне айналды. Турнирде 2010–2011, 2012–2013, 2014–2015 және 2016–2017 жылдары туған ойыншылар бәсекеге түскен. Бірнеше ай бойы жас футболшылар жоғары дайындық деңгейін, командалық рухты және жеңіске деген ұмтылысты көрсетті.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер лайықты марапаттарға ие болды.
2016–2017 ж.т.
1 орын – «СДЮШОР Два Товарища»
2 орын – «Спарта 16»
3 орын – «ФЦВА»
2014–2015 ж.т.
1 орын – «Барс»
2 орын – «СДЮШОР 14»
3 орын – «СДЮШОР Almatherm»
2012–2013 ж.т.
1 орын – «Барс»
2 орын – «Жастар»
3 орын – «Торпедо-1»
2010–2011 ж.т.
1 орын – «ФЦВА»
2 орын – «СДЮШОР Almatherm»
3 орын – «Кайрат F»

Оған қоса басқалардан оза шапқан үздік қақпашылар, қорғаушылар, шабуылшылар, сұрмергендер және командалардағы үздік ойыншылар жеке номинацияда марапатталды. Көрермен көзайымы жүлдесінің иегерлеріне де ерекше көңіл бөлініп, бұл жанкүйерлер қолдауы мен трибунадағы атмосфераны жандандыра түсті.
Үздік қақпашылар:
Пак Макар («СДЮШОР Два Товарища»)
Аманов Алдияр («Барс»)
Нигмеджан Даниял («Торпедо-1»)
Жунусов Султан («ФЦВА»)
Үздік қорғаушылар:
Оленич Давид («СДЮШОР Два Товарища»)
Бондаренко Богдан («СДЮШОР Almatherm»)
Жабаев Эмиль («Жастар»)
Челяков Илья («СДЮШОР Almatherm»)
Үздік шабуылшылар:
Никитенко Роман («ФЦВА»)
Магазатай Нурасыл («Барс»)
Логовской Тимур («Барс»)
Каржасов Али («Кайрат F»)
Үздік бомбардирлер:
Аксаков Платон («Спарта 16»)
Истомин Богдан («СДЮШОР 14»)
Ербол Арнур («Барс»)
Комисаренко Арсений («ФЦВА»)

Командалардағы үздік ойыншылар:
Амелин Арсений, Избасаров Аким, Мехбалиев Муслим (2016–2017 ж.т.)
Савчин Клим, Москвичёв Артём, Калдарбек Диас (2014–2015 ж.т.)
Губарев Денис, Кымбатбек Райымбек, Олейник Илья (2012–2013 ж.т.)
Букбаев Нурислам, Конкин Александр, Алтынбеков Алнур (2010–2011 ж.т.)
Көрермен көзайымы жүлдесі:
Мухамедин Алим, Васильев Егор, Мак Захар
Сафиулов Даниэль, Агылымхан Арафат, Канат Дарын
Нуркен Даниял, Бедельхан Ясин, Шульц Богдан
Серик Дамир, Усик Кирилл, Григорьев Максим

Қысқы біріншілік Қарағанды облысында балалар футболын дамытудағы маңызды кезеңдердің бірі болды. “Жас спортшылар үшін бұл тек жарыс емес, үлкен футболға бастар алғашқы қадам, жаңа мүмкіндіктер мен жарқын жеңістердің бастауы болды деп сенеміз”-дейді ұйымдастырушылар.
Басқа жаңалықтар
Ескі залдан — шабыт алаңына: ALGA! жобасы балалар спортына жаңа серпін сыйлады.
Қарағандыда ALGA! жобасы аясында белсенділік танытып, жоғары нәтиже көрсеткен Әлімхан Ермеков атындағы мектеп-лицейіне ерекше сый жасалды.

Таптаурындарға қарсы тайталас
Жеңістің артында тек әсерлі ойын ғана емес, жүйелі жұмыс жатыр. Сұхбат барысында бапкер ойыншылардың мінезі қалай қалыптасатынын және өңірде әйелдер футболы қалай дамып келе жатқанымен бөліседі.

Freedom Futsal BFL жаңа кезеңі: Қарағандының жас таланттары алаңға шықты
Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы Freedom Holding Corp. компаниясының қолдауымен Freedom Futsal BFL жобасының жаңа кезеңін бастады.
FREEDOM – NAURYZ CUP 2026: Қарағандыда жас футболшылар додасы өтті
20–22 наурыз аралығында Қарағанды облысының жас футболшылары жеңіс үшін тартысқа түсіп, әрбір матч көрерменге ерекше сәттер сыйлады. Кім үздік атанды және болашақ жұлдыздар өздерін қалай көрсетті?