Қарағандыда ALGA! жобасының семинары өтті
Мұғалімдерге арналған оқыту семинары Қарағанды облысы әкімдігінің және облыстық білім басқармасымен дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен ұйымдастырылды.

Іс-шараның ашылу салтанатына облыс әкімінің орынбасары Әлібек Әлденей қатысты.
Дене шынықтыру және бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған семинар «Космонавт» қонақүйінің конференц-залында өтті. Дәрістерді UEFA A-Elite санатындағы жаттықтырушылар Дмитрий Васильев пен Арсен Инкарбеков жүргізіп, бастауыш мектепте футболды оқытудың заманауи әдістемелерін таныстырды.
Мұғалімдерге 32 сағаттық оқу жоспарын құру, сабақ бағдарламасын жасау қағидаттары және сыныптан тыс футбол секцияларын ұйымдастыру жолдары үйретілді. Қатысушылар топтық тапсырмалар орындап, жобалар әзірлеп, тәжірибе алмасты.

«Қарағандыны футболдың бесігі десек, артық айтқандық емес. Сондықтан облыс әкімдігі Freedom компаниясымен бірлесіп, осы спорт түрін дамытуға басымдық беріп отыр. Бүгінгі семинардың басты мақсаты — футболды насихаттауға бағытталған жобаны сәтті жүзеге асыру. Футбол — бұл жай ғана ойын емес, бұл қозғалыс пен шынығу мектебі, мінез тәрбиесінің құралы әрі қоғамды біріктіретін күш»
Әлібек Әлденей, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары
Семинар өңір мектептерінде дене шынықтырудың үшінші сабағын алғаш рет футбол түрінде енгізуге мұғалімдерді дайындауда маңызды қадам болды.
Басқа жаңалықтар
Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді
QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы мектептерге Freedom Football Manager платформасын таныстырды

ALGA! мектеп футбол жобасының кезекті сабағы
Бірінші Теміртау классикалық лицейінде ALGA! мектеп футбол жобасы туралы пікірлер айтылды.

Қарағандыда Әлімхан Ермеков атындағы мектепте ата-аналарға арналған футбол квизі өтті.
Іс-шара ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылып, бұқаралық футболды дамыту мен ата-аналарды аймақтық футбол қозғалысына тартуға бағытталды.

Игорь Шацкий оқушыға айналды!
№19 мектепте өзін-өзі басқару күні қалай өтті?
