ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Ассоциациясы

Freedom QJ League семинары: жаңа маусымға дайындық алаңы

Қазақстандағы жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған Freedom QJ League аясында арнайы семинар өтті.

Freedom QJ League семинары: жаңа маусымға дайындық алаңы

Жиын өңірлерден келген мамандар үшін тәжірибе алмасып, жаңа бағыттарды саралауға мүмкіндік берді. Семинарға Қарағанды облысынан QOFA өкілдері қатысып, 2026 жылғы маусымға қатысты негізгі өзгерістермен танысты.

DSC04980

Іс-шара барысында Ксения Орлова, Антон Лысяк , Николай Прилуцкий сынды тәжірибелі спикерлер өз білімдерімен бөлісті. Қатысушылар чемпионатты ұйымдастыру талаптары, медиа және маркетинг құралдары, сондай-ақ клубтарды дамыту мен аудиториямен жұмыс істеудің тиімді тәсілдері туралы пайдалы ақпарат алды. Әсіресе, әлеуметтік желіні тиімді жүргізу, аудиториямен байланыс орнату және клубтың өзін бренд ретінде қалыптастыру мәселелері кеңінен талқыланды.

DSC04864

Іс-шараның тағы бір маңызды бөлігі – спорт пен бизнес байланысы. Қатысушылар клубтарға демеуші тарту жолдарын, матчты қызықты өнім ретінде ұсыну тәсілдерін тәжірибе жүзінде талқылады. 

Сонымен қатар, спорттағы психологияның маңызы, жас ойыншылар мен бапкерлерді дамытуға арналған жобалар да назардан тыс қалған жоқ.

DSC04287

Жалпы, семинар қатысушыларға жаңа маусымға тың көзқараспен қарауға мүмкіндік беріп, кәсіби дамуға серпін берген тиімді алаң болды.

Басқа жаңалықтар