Қарағанды облысында футбол төрешілеріне арналған оқу-жаттығу семинары өтті
Семинар Қазақстан футбол федерациясының маусым алдындағы оқу-жаттығу жиындарына қатыспаған төрешілерге арналған.

Басты мақсаты – аймақ арбитрлерінің теориялық және физикалық дайындығын күшейтіп, жаңа футбол маусымына жан-жақты әзірлеу. Оқу бағдарламасы Қазақстан футбол федерациясы өткізген республикалық жиындардың материалдары негізінде жасақталды. Теориялық сабақтар 4, 5 және 11 мамыр күндері Қарағанды қаласындағы «Террикон алқабы» орталығында өтті.

Бағдарлама аясында UEFA 2025:2 оқу материалдары негізінде арнайы бейнетест ұйымдастырылды. Сонымен қатар алғашқы күні қатысушылар Ойын ережелері бойынша теориялық тест тапсырды. Бейнематериалдарды талдау арқылы төрешілер ойын эпизодтарына дұрыс баға беру, шешім қабылдау жылдамдығы мен дәлдігін арттыру бағытында тәжірибе алмасты.

Семинардың маңызды бөлігінің бірі – төрешілердің физикалық дайындығын тексеру болды. 12 мамыр күні Саран қаласындағы «Сұңқар» стадионында бас төрешілер мен төреші көмекшілеріне арналған фитнес-тест өткізілді.
Бас төрешілер 75 метр жүгіру мен 25 метр жүруден тұратын интервалдық тест және 6×40 метрлік спринт тапсырды. Ал төреші көмекшілері интервалдық тестпен қатар 5×30 метрлік спринт және CODA сынағынан өтті. CODA (Change of Direction Ability) — қапталдағы төрешілердің алаңдағы қозғалыс бағытын лезде өзгертіп, ойын ырғағына ілесу қабілетін айқындайтын арнайы сынақ. Бұл — FIFA бекіткен ассистент төрешілерге арналған негізгі физикалық нормативтердің бірі.

Физикалық дайындық тесті, Ойын ережелері бойынша тест және бейнетест барлық қатысушылар үшін міндетті болды. Семинар қорытындысы бойынша аймақ төрешілері жаңа маусым алдындағы дайындықтарын жетілдіріп, кәсіби біліктіліктерін арттырды. Шара Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы мен демеушісі Freedom ұйымдастыруымен өтті.
Мұндай оқу-жаттығу жиындары төрешілердің бірыңғай талап бойынша жұмыс істеуіне, халықаралық стандарттарға сай шешім қабылдауына және облыстық футбол деңгейінің дамуына оң әсерін тигізеді.
Басқа жаңалықтар
Қарағандыда балалар жаттықтырушыларына арналған BFL бағдарламасының алғашқы модулі өтті
Бағдарламаның басты мақсаты – балалар бапкерлерінің кәсіби деңгейін көтеріп, жас футболшыларды даярлау жүйесін жетілдіру.

Төрешілер корпусының дамуы
Қарағандыда үлкен футбол мен футзал бойынша төрешілерді жүйелі даярлау жүргізілуде

QOFA төрешілерінің дене дайындығы тексерілді
Қарағанды облысында кәсіби төрешілер мен Жас төреші мектебі жобасының қатысушыларын біріктірген фитнес-тестілер өтті

Төрешілер семинары: Қарағанды облысының футзал төрешілерінің дайындығы басталды
Қарағандыда QOFA бастамасымен футзал төрешілеріне арналған алғашқы оқыту семинары өтті.
