Ұстаздарға футбол сабақтарының тәжірибесі көрсетілді
ALGA! мектептік жобасы аясында мұғалімдерге арналған балалардың қатысуымен футболдың сабағы өткізілді.

Практикалық бөлім Football Hall жабық манежінің алаңында өтті. Мұнда UEFA A-Elite санатындағы жаттықтырушылар мектеп сабақтарына енгізуге болатын жаңа әдістемелер мен ойын элементтерін көрсетті.
Ұстаздар тек бақылап қана қоймай, жұмысқа белсене араласып, әсерлерімен бөлісіп, бастауыш сынып оқушыларына арналған жаттығуларды қалай тиімді бейімдеуге болатыны жөнінде сұрақтар қойды.

«Біз мұғалімдердің осыншама ынталы екенін көріп қуандық. Олардың шынайы қызығушылығы мектептегі футболдың дамуына серпін береді, ал бұл балаларға өсуге қосымша мүмкіндік сыйлайды»
Арсен Іңкәрбеков, UEFA A-Elite санатындағы жаттықтырушы

«Бүгін ұстаздар футболдың тек ойын ғана емес, тәрбиелеу мен оқытудың құралы бола алатынына көз жеткізді. Бұл пәннің мектеп бағдарламасына қаншалықты тиімді енуі тікелей мұғалімдерге байланысты»
Дмитрий Васильев, UEFA A-Elite санатындағы жаттықтырушы
Семинар қорытындысы бойынша барлық мұғалімдерге олардың біліктілігін ресми растайтын UEFA D санатындағы лицензиялар табысталды.
Шара Қарағанды облысы әкімдігінің, сондай-ақ облыстық Білім басқармасы мен Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен өтті.
Басқа жаңалықтар
Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді
QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы мектептерге Freedom Football Manager платформасын таныстырды

ALGA! мектеп футбол жобасының кезекті сабағы
Бірінші Теміртау классикалық лицейінде ALGA! мектеп футбол жобасы туралы пікірлер айтылды.

Қарағандыда Әлімхан Ермеков атындағы мектепте ата-аналарға арналған футбол квизі өтті.
Іс-шара ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылып, бұқаралық футболды дамыту мен ата-аналарды аймақтық футбол қозғалысына тартуға бағытталды.

Игорь Шацкий оқушыға айналды!
№19 мектепте өзін-өзі басқару күні қалай өтті?
