ҚОФА Жаңалық
Карағанды облыстық футбол Ассоциациясы
Ассоциациясы

«Шахтёр» ФК ойыншылары балалар футболының болашағы туралы

Клуб ойыншылары ерте даярлық пен жарыс тәжірибесінің жас футболшылар үшін шешуші рөл атқаратынын атап өтті

«Шахтёр» ФК ойыншылары балалар футболының болашағы туралы

Қарағанды облысында бұқаралық футбол QOFA бастамалары, ALGA! жобасы және Freedom BFL балалар мен жасөспірімдер лигасы арқылы дамып келеді. «Шахтёр» ФК ойыншылары бұл бастамаларға қатысты ойларымен бөлісіп, олардың жас футболшылардың қалыптасуына қалай әсер етіп жатқанын айтты.

IMG 0136

«Шахтёр» ФК өкілдерінің айтуынша, ассоциацияның жұмысы қазірдің өзінде нақты нәтижелер беруде. Бірыңғай құрылымның қалыптасуы, бұқаралық футболға ерекше көңіл бөлінуі және балалар дайындығына жүйелі көзқарас жас футболшылардың дамуы үшін түсінікті әрі ашық жағдай қалыптастырып отыр.

IMG 0130

«Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының жобасын бақылау мен үшін үлкен қуаныш. Әсіресе менің туған қалам - Қарағандыда жүзеге асырылып жатқаны ерекше әсер қалдырады»

Нурхан Кагазбаев, «Шахтёр» ФК жартылай қорғаушысы

Ойыншылардың пікірінше, бұл бастамалар олардың жеке спорттық қалыптасуына да елеулі ықпал етер еді. Ерте даярлық, базалық білімге қолжетімділік және жүйелі жаттығу балалардың қазіргі футболға тез бейімделуін қамтамасыз етеді.

IMG 0135

Сондай-ақ жарыс тәжірибесінің маңызы ерекше атап өтілді. Freedom BFL балалар мен жасөспірімдер лигасы жас ойыншыларға ресми матчтарға қатысуға мүмкіндік береді, бұл ойын тәжірибесін қалыптастыруда аса маңызды. Тұрақты кездесулер мен турнирлік формат футболдық ойлау қабілетін дамытып, мотивацияның тұрақты болуына ықпал етеді.

IMG 0141

«Мен мұны өз ұлымның мысалында айта аламын. Бұл - оның алғашқы ресми матчтары. Қазір ол, сірә, қалада ғана емес, бүкіл елдегі ең бақытты балалардың бірі шығар. Футбол - оның ең сүйікті ісі. Алғашқы ресми ойындарға қатысатынын білгенде қуанышында шек болмады. Енді ол әр демалыс күнін асыға күтеді - алаңға шығып, ойнау үшін. Сондықтан BFL жобасы - өзін көрсетуге, танытуға және сүйікті ісінен қуаныш сезімін алуға берілген үлкен мүмкіндік деп санаймын»

Тимур Рудосельский, «Шахтёр» ФК қорғаушысы

Жалпы алғанда, білім беру бастамалары, ұйымдастырушылық қолдау және тұрақты жарыстардың үйлесуі балалар мен жасөспірімдер футболының жүйелі дамуына мүмкіндік береді. Бұл өз кезегінде өңір футболының келешегіне мықты негіз болмақ.

IMG 0132

Басқа жаңалықтар