«Шахтёр-М» — күміс жүлдегер!
Қарағандылық команда Екінші лигада 2025 жылғы маусымның үздіктері қатарынан орын алды.

Қарағандыда Нұркен Әбдіров атындағы спорт сарайында «Шахтёр-М» командасын марапаттау рәсімі өтті. Команда Қазақстан Республикасы Екінші лига командалары арасындағы чемпионаттың қорытындысы бойынша екінші орынды иеленіп, маусымды жоғары нәтижемен аяқтады.
Бұл жетістік — клубтың жастармен жүйелі жұмыс жүргізуінің, күнделікті жаттығулар мен еңбекқорлықтың, сондай-ақ жеңіске деген сенімнің нәтижесі. Маусым бойы команда тұрақты ойын өрнегін көрсетіп, аймақтық деңгейде үздік ұжымдардың біріне айналды.

Марапаттау рәсіміне Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы, Олимпиада чемпионы Серік Сәпиев қатысты.

«Сіздерді екінші орын иеленулеріңізбен шын жүректен құттықтаймын! Жеткен жетістікпен тоқтамай, әрдайым алға ұмтылыңыздар. Біз бүгінде Еуропалық деңгейге шығуға бағыт алып келеміз, ал сіздердің табыстарыңыз — соған бастайтын нақты қадам. Биыл «Шахтёр» футбол клубы жекешелендіру кезеңіне өтеді, жаңа инвестордың келуімен жетістіктер одан әрі артады деп сенемін. Баршаңызға жаңа жеңістер мен биік белестер тілеймін!»
Серік Сәпиев, Қарағанды облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы
«Шахтёр-М» футбол клубының бас бапкері Андрей Финонченко команда ойыншыларының маусымдағы еңбегін ерекше атап өтті:

«Иә, біз екінші орынды иелендік, бірақ әрдайым бірінші болуға ұмтылуымыз керек. Жігіттер жарады — маусымды жоғары деңгейде өткізді. Негізгі мақсатымыз — басты командаға дайын ойыншылар тәрбиелеу. Мен өз тәжірибемді жастармен бөлісіп, олардың кәсіби футбол жолын сенімді бастауына көмектесуге тырысамын. Келесі маусымда мақсат — чемпион болу!».
Андрей Финонченко, «Шахтёр-М» футбол клубының бас бапкері
Күміс медаль иегерлері қатарында маусым бойы жоғары шеберлік пен жеңіске деген ерік-жігер танытты.
Команда сапында өнер көрсететін жартылай қорғаушы Абилхайырхан Бекасилов маусым жайлы ойын білдірді:

«Жалпы маусым жақсы өтті, бұндай нәтижеге жету үшін біз көп жаттығу өткіздік. Әрине, бірінші орын емес, бірақ күміс жүлде де жаман емес. Барлық жанкүйерлерге, бапкерлерге және жігіттерге де рақмет осындай маусым үшін. Келер маусымда мақсатымыз тек алтын, чемпион болу. Маусым аяқталса да, біз дайындықты тоқтатқан жоқпыз».
Абилхайырхан Бекасилов, «Шахтёр-М» футбол клубының жартылай қорғаушысы
Бұл марапат — бір маусымның нәтижесі ғана емес, Қарағанды футболының жаңа буыны қалыптасып келе жатқанын айғақтайтын маңызды кезең.
Басқа жаңалықтар
QOFA мен QJ League жобасы халықаралық MVP Awards сыйлығында жоғары бағаланды
Қарағанды облыстық футбол қауымдастығы (QOFA) мен Freedom QJ League бірлесіп өткізген әлеуметтік жоба халықаралық MVP Awards спорт сыйлығында жүлделі орынды иеленді.

«Адамға үйретуге болмайтын жалғыз нәрсе – ниет пен құлшыныс»
QJ League мен «Шахтер» футбол клубының медиа және маркетинг бөлімінің жетекшісі Антон Лысяк Қазақстанның спорт индустриясын өзгертетін жаңа буын мамандар туралы ой бөлісті.

QOFA ұжымы Наурыз мерекесін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов Ассоциация мүшелерінің мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлағанын атап өтті.

Қарағандылық «Шахтёр» клубының ойыншысы KPL гранд-финалының чемпионы атанды
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы Қазақстан тарихындағы жаңа цифрлық спорт кезеңінің куәсі болды. Мұнда еліміздегі тұңғыш ресми ұлттық киберфутбол лигасы — eKPL алғашқы маусымының гранд-финалы өтті.
