№19 жалпы білім беретін мектепте ALGA! жобасы аясында футбол сабағы өтті
Оқушылар финттерді үйреніп, командалық жұмысқа машықтанып, сабақты көтеріңкі көңіл-күймен өткізді.

Бүгін Қарағанды қаласындағы №19 орта мектепте ALGA! жобасы аясында футбол сабағы өтті. Бұл сабақ балалар үшін жай ғана жаттығу емес, қозғалыс пен командалық рух мерекесіне айналды.
Сабақты жобаның инструктор-кураторы жүргізді. Балалар координацияға арналған жаттығулар орындап, дриблинг тәсілдерін, финттер мен қарсыласын алдап өту әдістерін үйренді. Сабақ соңында ұлдар мен қыздар шағын ойын өткізіп, жаңа дағдыларын көрсетті.

Барлық кезеңде қауіпсіздік ережелері қатаң сақталды. Мұғалімдер әрбір қимылды бақылап, балалардың жарақат алмауын жіті қадағалады. Ойын алаңында достық пен шаттық атмосферасы орнап, балалар қуанышқа бөленді.
Дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Дархан Айтқазиев өз ойымен бөлісті.

«Балалар футбол сабағын ерекше қуанышпен қабылдады. Көздерінен шаттық пен ынта-жігер байқалды. Олар мұндай сабақтарды аптасына бір рет емес, одан да көп өткізуді қалайды»
Дархан Айтказиев, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
ALGA! жобасы Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының (QOFA) ұйымдастыруымен, Қарағанды облысы әкімдігінің, Білім басқармасының және Дене шынықтыру және спорт басқармасының қолдауымен жүзеге асырылып жатыр. Бас демеуші — Freedom Holding Corp.

Басқа жаңалықтар
Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді
QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы мектептерге Freedom Football Manager платформасын таныстырды

ALGA! мектеп футбол жобасының кезекті сабағы
Бірінші Теміртау классикалық лицейінде ALGA! мектеп футбол жобасы туралы пікірлер айтылды.

Қарағандыда Әлімхан Ермеков атындағы мектепте ата-аналарға арналған футбол квизі өтті.
Іс-шара ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылып, бұқаралық футболды дамыту мен ата-аналарды аймақтық футбол қозғалысына тартуға бағытталды.

Игорь Шацкий оқушыға айналды!
№19 мектепте өзін-өзі басқару күні қалай өтті?
