Абай қаласында бірінші сынып оқушыларына ерекше футбол сабағы өтті
ALGA! жобасы – балаларды, спортты және жаңа мүмкіндіктерді біріктіретін қадам.

Бүгін Абай қаласында ерекше шара өтті – Абай Құнанбаев атындағы №5 мектеп-гимназиясының 1 «А» сынып оқушылары үшін ALGA! жобасы аясында ерекше футбол сабағы ұйымдастырылды.
Балалар мектеп табалдырығын енді ғана аттап, жаңа ортаға бейімделіп жатқандықтан, сабақ көңілді әрі жеңіл форматта өтті. Біздің инструктор-куратор олардың ептілігін, қимыл үйлесімділігін және жылдамдығын дамытуға бағытталған арнайы ойын түріндегі жаттығулар дайындады. Спорт залын күлкі мен шаттық кернеді: әр бала өзін команда мүшесі ретінде сезінді.

Сабақ соңында кішкентай футболшылар алаңға шығып, нағыз ойынның дәмін татты. Бұл тек жаттығу ғана емес, балалар үшін спортқа деген алғашқы қызығушылықты оятқан көңілді де ерекше сәт болды.

ALGA! жобасы Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының бастамасымен жүзеге асырылуда. Жобаға облыс әкімдігі, Білім басқармасы және Дене шынықтыру және спорт басқармасы толық қолдау білдіруде. Жобаның басты демеушісі – Freedom Holding Corp.
Басқа жаңалықтар
Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді
QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы мектептерге Freedom Football Manager платформасын таныстырды

ALGA! мектеп футбол жобасының кезекті сабағы
Бірінші Теміртау классикалық лицейінде ALGA! мектеп футбол жобасы туралы пікірлер айтылды.

Қарағандыда Әлімхан Ермеков атындағы мектепте ата-аналарға арналған футбол квизі өтті.
Іс-шара ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылып, бұқаралық футболды дамыту мен ата-аналарды аймақтық футбол қозғалысына тартуға бағытталды.

Игорь Шацкий оқушыға айналды!
№19 мектепте өзін-өзі басқару күні қалай өтті?
