Теміртауда ALGA! жобасы аясында футбол сабағы өтті
Мұғалімдер өздері сабақ өткізіп, балалар спорт әлемін жаңа қырынан танып жатыр

Бүгін Теміртау қаласындағы Бірінші классикалық лицейінде Қарағанды облыстық футбол ассоциациясының бастамасымен жүзеге асып жатқан ALGA! жобасы аясында кезекті футбол сабағы өтті.
Бұл жолы біздің инструктор-куратор тек шеттен бақылап, кей сәттерде ғана кеңестер берумен шектелді. Арнайы дайындықтан өткен мұғалімдер сабақтарды өздері жүргізіп, жаңа әдістерді қолданып, балаларды футболға баулуда.
Педагогтарға арналған әдістемелік құралдар дайындалды. Сонымен қатар инструктор-куратор Жәнібек Аллабергенов алдағы уақытта да ұстаздарға қолдау көрсетіп, сабақтарға қатысуды жалғастырады.

«Бұл біз үшін үлкен қадам. Бізге заманауи жабдықтар берілді, жаңа әдістемелік құралдар дайындалды. Енді сабақтар әлдеқайда қызықты өтуде, балалар үлкен ынтамен ойнайды. Ал мұғалімдер үшін, тәжірибе алмасып, кәсіби тұрғыдан өсуге тамаша мүмкіндік»
Ержан Хомутов, дене шынықтыру пәнінің мұғалімі
ALGA! жобасы Қарағанды облыстық футбол қауымдастығының бастамасымен жүзеге асуда. Жобаға облыс әкімдігі, Білім басқармасы және Дене шынықтыру және спорт басқармасы толықтай қолдау көрсетуде. Жобаның басты демеушісі – Freedom Holding Corp.

Басқа жаңалықтар
Freedom Football Manager енді мұғалімдерге де қолжетімді
QJ League цифрлық даму жөніндегі сарапшы мектептерге Freedom Football Manager платформасын таныстырды

ALGA! мектеп футбол жобасының кезекті сабағы
Бірінші Теміртау классикалық лицейінде ALGA! мектеп футбол жобасы туралы пікірлер айтылды.

Қарағандыда Әлімхан Ермеков атындағы мектепте ата-аналарға арналған футбол квизі өтті.
Іс-шара ALGA! жобасы аясында ұйымдастырылып, бұқаралық футболды дамыту мен ата-аналарды аймақтық футбол қозғалысына тартуға бағытталды.

Игорь Шацкий оқушыға айналды!
№19 мектепте өзін-өзі басқару күні қалай өтті?
