Төрешілер семинары: Қарағанды облысының футзал төрешілерінің дайындығы басталды
Қарағандыда QOFA бастамасымен футзал төрешілеріне арналған алғашқы оқыту семинары өтті.

Жаңа футзал маусымының алдында өңірден 30 төреші білімдерін жүйелі түрде жаңартып, ойын ережелеріндегі өзгерістерді талқылап, облыстық деңгейдегі жарыстарда төрелік етудің бірыңғай қағидаттарын қалыптастыру мақсатында бас қосты. Ұйымдастырушылардың айтуынша, семинардың басты мақсаты – кәсіби тұрғыдан дамуға ұмтылатын және бірыңғай стандарттар бойынша жұмыс істейтін төрешілер қауымдастығын қалыптастыру.

Семинар бағдарламасын Қазақстан чемпионатының футзал төрешісі, шақырылған сарапшы Изат Мусилимовжүргізді. Ол төрешілер корпусын дамыту стратегиясымен таныстырып, біліктілікті арттыру, үздік мамандарды ынталандыру және QOFA жас төрешілер мектебін құру туралы ойын білдірді:

«Біз алдағы маусымға дайындық барысында төрешілерге арналған оқыту семинарын өткіздік. Қысқаша айтқанда, “Жас арбитр мектебі” жобасы – бұл төрешілердің мансаптық жолы. Онда A, B, C, D санаттары енгізіледі, оның ішінде A – ең жоғары деңгей, Премьер-лига төрешілері.Енді мұндай семинарлар тұрақты түрде өтетін болады. Мысалы, келесі аптада “Футзал ережелері” тақырыбында сабақ өтеді. Оқу аяқталған соң барлық арбитрлер өз лицензияларын алу үшін тестілеуден өтеді.»
Изат Мусилимов, футзалдан Қазақстан чемпионатының төрешісі
Семинар барысында төрешілердің физикалық дайындығына ерекше көңіл бөлінді. Ұлттық фитнес-нұсқаушы Светлана Кучина жаңа маусымда міндетті түрде енгізілетін SDS, ARIET және CODA тестілеу стандарттарын таныстып, физикалық дайындықтың маңыздылығын атап өтті:

«Төреші – ойынның ресми тұлғасы, сондықтан ол кәсіби қабілеттермен қатар, жеткілікті деңгейдегі физикалық дайындыққа да ие болуы тиіс. Арбитрлер федерация ұсынған тестілеуден өтуге міндетті, содан кейін ғана жарыстарды басқаруға рұқсат алады. Бүгін бес күндік семинар басталды, қатысушылар төрешіліктің даму және мамандану мүмкіндіктерімен танысты. Семинар соңында қорытынды тестілеу өткізіледі. Қараша айынан бастап дене даярлығы сабақтары басталады. Мұның бәрі өңірдегі футбол деңгейін жақсартуға бағытталған.»
Светлана Кучина, ұлттық фитнес-нұсқаушы
Қатысушылар футзал төрелігінің тәжірибелік қырларын да талқылады — алаңдағы дұрыс орналасу, төрешілердің өзара әрекеттесуі және командалармен тиімді коммуникация орнату мәселелері жан-жақты қарастырылды. Нақты ойын сәттерінен алынған мысалдар төрешілердің шешім қабылдау дағдыларын жетілдіруге мүмкіндік берді.
Әкімшілік бөлімде төрешілерді тағайындау жүйесі, еңбекақы төлеу қағидалары мен тәртіптік талаптар жаңартылған форматта ұсынылды. Сондай-ақ жас төрешілердің мансаптық өсу мүмкіндіктері мен өңірдегі футзал төрелігін дамыту мәселелері талқыланды.

Маусым алдындағы семинар кәсіби тәжірибе алмасуға, пікір алмасуға және Қарағанды облысы төрешілерінің бірыңғай әдістемелік базасын қалыптастыруға бағытталған маңызды алаңға айналды. Төрешілер алдағы уақытта QOFA жас төрешілер мектебі аясында өтетін оқыту сессияларына қатысады
Басқа жаңалықтар
QOFA төрешілерінің дене дайындығы тексерілді
Қарағанды облысында кәсіби төрешілер мен «Жас төреші мектебі» жобасының қатысушыларын біріктірген фитнес-тестілер өтті

Төрешілер семинары: Қарағанды облысының футзал төрешілерінің дайындығы басталды
Қарағандыда QOFA бастамасымен футзал төрешілеріне арналған алғашқы оқыту семинары өтті.

«Жас төреші мектебі» – төрешілер мен инспекторларды дайындау жобасы
«Жас төреші мектебі» – QOFA негізінде жұмыс істейтін, Қарағанды облысындағы жас мамандарды кәсіби төрешілік пен инспекция саласына дайындайтын бірегей жоба.
