QOFA Серік Сәрсембайұлы Бердалиннің қазасына байланысты көңіл айтады
Қазақ футболына өлшеусіз еңбек сіңірген ұлағатты ұстаздың жарқын бейнесі әрдайым ел жадында сақталады

Қарағанды облыстық футбол ассоциациясы Серік Сәрсембайұлы Бердалиннің өмірден өтуіне байланысты оның отбасы мен жақындарына орны толмас қазаға орай шын жүректен көңіл айтады.
Серік Сәрсембайұлы – өмірін футболға арнаған, қазақ спортында өзіндік із қалдырған ерекше тұлға. Ол талай жыл бойы жас буынға тек футболдың техникасы мен тактикасын үйретіп қана қоймай, адамгершіліктің, табандылықтың, адал еңбектің және спортқа деген сүйіспеншіліктің үлгісін көрсетті. Оның тәлімін көрген әрбір спортшы өмір бойы ұмытпайтын мектептен өтті.
Футболдағы жолын «Шахтёр» клубының тәрбиеленушісі ретінде бастаған ол кейін команданың бас бапкері, клуб президенті, ұлттық құраманың жаттықтырушысы қызметтерін атқарды. Осы жылдар ішінде Серік Сәрсембайұлы Қазақстан футболының дамуына өлшеусіз үлес қосып, көптеген дарынды ойыншылардың қалыптасуына себепкер болды. Оның еңбегі еленіп, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген бапкері және еңбек сіңірген спортшысы атақтарына ие болды. 1995 жылы «Қазақстанның үздік бапкері» номинациясының иегері атанды.

Серік Сәрсембайұлының өз ісіне деген адалдығы, шәкірттеріне жасаған қамқорлығы мен спортқа деген шексіз махаббаты әрдайым ел есінде қалады. Ол тек мықты маман ғана емес, нағыз ұстаз, адамдықтың үлгісі, үлкен жүректі жан еді.
Қазақ футболы біртуар тұлғасынан айырылды. Оның жарқын бейнесі, еңбегі мен тәрбие жолы біздің жүрегімізде мәңгі сақталады.
Басқа жаңалықтар
QOFA ұжымы Наурыз мерекесін ұйымдастыруға қосқан үлесі үшін марапатталды
Қарағанды қаласының әкімі Мейрам Қожухов Ассоциация мүшелерінің мерекелік іс-шараларды жоғары деңгейде өткізуге атсалысып, қала тұрғындары мен қонақтарына ерекше көңіл-күй сыйлағанын атап өтті.

Қарағандылық «Шахтёр» клубының ойыншысы KPL гранд-финалының чемпионы атанды
Қарағанды қаласындағы Серік Сәпиев атындағы бокс орталығы Қазақстан тарихындағы жаңа цифрлық спорт кезеңінің куәсі болды. Мұнда еліміздегі тұңғыш ресми ұлттық киберфутбол лигасы — eKPL алғашқы маусымының гранд-финалы өтті.

Freedom QJ League семинары: жаңа маусымға дайындық алаңы
Қазақстандағы жасөспірімдер футболын дамытуға бағытталған Freedom QJ League аясында арнайы семинар өтті.

Елордада QJ League жаңа маусымының шымылдығы ашылды
Астанада Freedom QJ League-тің жаңа маусымына арналған ресми ашылу рәсімі өтті.
